A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Рейдтер жалғасуда

Үстiмiздегi жылдың 24 шiлде күнi мобильдi мониторингтiк топ дәмханалардың, қонақ үй кешендерiнiң және демалыс базаларының бiрқатар нысандарын санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптардың сақталуына тексеру жүргiздi.

Iс-шара барысында қоғамдық тамақтану нысаны санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны анықталды. Жол бойындағы дәмханалардың бiрiнде, келушiлерге қызмет көрсету кезiнде барменде қолғап пен бетперденiң болмауы анықталды. Дезинфекциялық режимдi бұзғаны үшiн аталған тұлғаға әкiмшiлiк жаза түрiнде 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынды.

Мобильдi мониторингтiк топтың рейдтерi тұрақты түрде жүргiзiледi.

Естерiңiзге сала кетейiк, адамдар көп шоғырланатын орындарда, қоғамдық көлiктерде, сауда нысандарында және басқа да жабық үй-жайларда бетперделердi тағып, әлеуметтiк қашықтықты сақтау және антисептиктердi пайдалану қажет. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталмаған жағдайда әкiмшiлiк ықпал ету шаралары қабылданатын болады.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

 

 

 

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2020
Қаралым саны: 148

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz