A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан КТК-гі тұрғын үйлерді өткізу қайта жалғасады

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Орталық коммуникациялар қызметiнiң жаңартылған баспасөз орталығында ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан тұрғын үйлердi өткiзу үстiмiздегi жылдың 15 ақпанынан бастап қайта жалғасатынын хабарлады. Тұрғын үйлердi өткiзудiң тиiмдi жаңа механизмiнiң енгiзiлуiне байланысты 2018 жылғы 16 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлiктi сатып алуға өтiнiм қабылдаудың уақытша тоқтатылғаны туралы хабарланған едi.

Тұрғын үйлердi өткiзу қайта жалғастырылған күннен бастап сатудың жаңа механизмi қолданылатын болады, ол тұрғын үйдi халыққа жылдық 3%-бен 12 жылға бөлiп төлеу арқылы өткiзудi көздейдi. Жаңа механизм бойынша тұрғын үйдi сатып алу үшiн сатып алушы келесi негiзгi шарттарды орындауы қажет:

- төлем қабiлеттiлiгiн растау;

- тұрғын үй құнының 20%-нан кем болмайтын мөлшерде бастапқы жарна салу;

- сатып алынатын мүлiкке «Бәйтерек девелопмент» АҚ-мен кепiл шартын жасасу;

- 3 айлық төлем мөлшерiнде кепiлдiк жарнасын салу;

- сатып алынған тұрғын үйдi бөлiп төлеу кезеңiне сақтандыру.

Төлемдi бөлiп төлеу механизмi бойынша тек 1 пәтер және 2-ден аспайтын көлiк тұрағының орындарын сатып алуға болады. Сатып алу-сату шарты бойынша төлемдi бөлiп төлеу мерзiмi өтiнiш берушiнiң 70 жасқа толуымен шектеледi.

Бүгiнгi күнi «Бәйтерек девелопмент» АҚ жаңа механизмiнiң негiзгi шарттарын пысықтауды аяқтады, қажеттi iшкi құжаттар бекiтiлдi, өтiнiш беру процесiн автоматтандыру және өтiнiш берушiнiң төлем қабiлеттiлiгiн тексеру iс-шаралары аяқталу кезеңiнде тұр.

Өтiнiш беру бұрынғыша Digital Baiterek порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтiнiш берушiнiң жаңа механизмдi таңдауы үшiн «төлем тәсiлi» бағанында «бөлiп төлеу арқылы өткiзудi» көрсетуi және қаржылай мүмкiндiгiне қарай бастапқы жарнасының мөлшерiн өзi белгiлеуi қажет. Өтiнiш берушiнiң төлем қабiлеттiлiгiн есептеу «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ электрондық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

Өткiзудiң жаңа әдiсiнiң енгiзiлуiне қарамастан, тұрғын үйдi бұрын қолданылған механизмдер бойынша: жеке қаражаты есебiнен немесе ЕДБ қарыз қаражатын алу жолымен (ипотекалық кредиттеу) сатып алуға болады. Сатуға ұсынылатын тұрғын үйлерден 193 пәтер «7-20-25» бағдарламасының шарттарына сай келедi.

Тұрғын үй кешенiндегi тұрғын үйдiң шаршы метрiн өткiзу құны сатып алудың таңдалған әдiсiне байланысты өзгермейдi және 399 900 теңгенi, машина орны — 735 000 теңгенi құрайды. Бiр бөлмелi пәтерлердiң алаңы 39,6-дан 51 шаршы метрге дейiн, екi бөлмелiлер — 57,1-ден 80,6-ға дейiн, үш бөлмелiлер — 81,1-ден 106-ға дейiн, төрт бөлмелiлер — 105-тен 123,4 шаршы метрге дейiн болады. Тұрғын үйлер жайлылықтың II сыныбына сай келедi және таза әрленген түрiнде өткiзiледi.

«ЭКСПО-2017» көрмесiнiң қатысушылары мен қонақтарының тұруы үшiн бұрын салынған бiр, екi, үш және төрт бөлмелi пәтерлердi компания 2018 жылғы 1 маусымнан бастап сатуда. Бүгiнгi күнi 148 пәтер және 103 машина орны сатылды. Жылжымайтын мүлiк сатып алуға Digital Baiterek онлайн платформасы арқылы барлығы 1547 өтiнiм келiп түстi.

Анықтама: 2014 жылдан 2016 жылға дейiн «Бәйтерек девелопмент» АҚ «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiнiң аумағындағы тұрғын үйлердiң құрылысын қаржыландырды. Алаңы 110,7 мың ш.м. болатын 42 үйден тұратын тұрғын үй орамы «Люкс Недвижимость Group» және «BIGroupCorporation» компанияларымен серiктесiп салынды. Жылжымайтын мүлiктердi өткiзу арқылы Ұлттық қордан тұрғын үй кешенiнiң құрылысына жұмсалған қаражаттарды қайтару қамтамасыз етiлетiн болады.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ — «Бәйтерек» Холдингiнiң еншiлес ұйымы — «Нұрлы жер» Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдардың облигацияларының өтеуiн төлеп алу жөнiндегi бiрыңғай қаржы операторы. Компания Қазақстан бойынша кредиттiк және жалға берiлетiн тұрғын үйлердiң құрылысын қаржыландырады.

Байланыс ақпараты: Оразалиев Баглан Нурланович — 8 (7172) 537-767; Капралов Дмитрий Александрович — 8 (7172) 769-553; Батырбеков Рустем Беймухамбетович — 8 (7172) 578-163, ұялы тел. 8 775 121 49 46, Е-mail: r.batyrbekov@bdevelopment.kz.

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019
Қаралым саны: 54

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz