A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ЖҮРЕК ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ БАР ПАЦИЕНТТЕР ҮШІН ЖҮРЕКТІ ҚОЛДАУДЫҢ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Халықаралық статистикаға сәйкес, әлемдегi 26 миллион адам жүрек функциясының созылмалы жетiспеушiлiгiнен (ЖСЖ) зардап шегедi және жыл сайын 900 мыңға жуық жаңа пациенттер анықталады. Бұл санның 800 мыңға жуық пациентi жүрек трансплантациясын қажет етедi, оның iшiнде алғашқы бес жыл iшiнде 7% — дан 50% — ға дейiн адам донорлық жүректi күтпестен қайтыс болады.

Бұл патологияны емдеудегi алтын стандарт трансплантация болып табылады, алайда донорлық органдардың тапшылығына байланысты жүректi механикалық қолдауды пайдалану белсендi дамып келедi.

Осыған байланысты, ЖСЖ хирургиялық емдеудегi революциялық серпiлiс инновациялық технологияны — толық имплантацияланатын жүректi қолдау жүйесiн қолдану болды.

Орталықтың әлемдегi бiрiншi операцияны жүргiзу үшiн таңдау болған, осы көпжылдық халықаралық әрiптестер әзiрлеуiне Ұлттық кардиохирургиялық орталық командасы (бұдан әрi-ҰҒКО) қатысты. Юрий Пя бастаған қазақстандық кардиохирургтер командасы Чехия, Израиль, Италия және АҚШ серiктестерiмен қосалқы қанайналым құрылғысын имплантациялау бойынша бiрегей операцияны сәттi өткiздi. Толығымен имплантацияланатын құрылғы (FIVAD) пациенттерге сыртқы қуат көзiне тiкелей қосылмаған өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн әлемдегi алғашқы көмекшi құрылғы болып табылады.

Бүгiнгi таңдаi жүректiң сол жақ қарыншасының көмекшi құрылғысының осы жүйесi пациенттерге еркiн қозғалуға мүмкiндiк беретiн, сыртқы жабдықпен (кабельдер) ауыртпалығы жоқ пациенттер үшiн ең қауiпсiз болып табылады, бұл бiрқатар асқынуларды төмендетедi және өмiр сүру сапасын едәуiр жақсартады. Айта кету керек, бұл жағдай кардиохирургиялық тәжiрибесiнде алғаш рет болып, әлемдегi бiрегей және жалғыз оқиға болды.

Операция жасалған пациент қалыпты өмiр салтына қайта оралды, күнделiктi iстермен айналысуға ғана емес, сондай-ақ ұқсас құрылғылардың басқа үлгiлерiн пайдалану кезiнде мүмкiн болмаған жүзу мүмкiндiгiне ие.

«ҰҒКО» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Владимировичтiң пiкiрiнше, жаңа жүйеге қатысты — толығымен имплантацияланатын қанайналым құрылғысы: «FIVAD жүрек функциясының жетiспеушiлiгiнiң терминалдық сатысын емдеуде парадигма мен тәсiлдердi өзгертуде үлкен перспективаға ие. Бiз бұл серпiндi технологиялық жетiстiктi ұсынуға қуаныштымыз, ол емделушiлерге хирургиялық араласудан кейiн толыққанды және сапалы өмiр сүруге мүмкiндiк бередi».

Leviticus Cardio Ltd компаниясы FIVAD үшiн сымсыз қоректену технологиясының өнертапқышы, оның клиникалық қолданылуын кеңейтудi, тәуекелдердi азайтуды және соңғы сатыда жүрек жетiспеушiлiгiн емдеу сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, бұл жаңашылдық терапия ауқымын кеңейтiп, өз кезегiнде донорлардың жетiспеушiлiгiмен шектелген жүрек трансплантациясына баламалы технологиялық балама ұсына алады.

Халықаралық хирургтар командасының құрамы:

Professor Stephan Schueler, MD, PhD, FRCS is Consultant Cardiothoracic Surgeon at Newcastle upon Tyne Hospitals Trust, UK. Professor Schueler also became Professor for Cardiac Surgery at Medical Faculty, Carl Gustav Carus University Hospital Dresden, Germany in 1994 until to date. He currently holds numerous editorial positions including Associate Editor of the Journal of Heart and Lung Transplantation and member of the editorial board of the Journal Interactive Cardiovascular and Thoracic Surgery.

Professor Ivan Netuka, MD, Ph.D., FICS, Chairman of the Department of Cardiovascular Surgery of the Institute for Clinical and Experimental Medicine, Prague, Czech Republic; He practices as Consultant cardiac surgeon. He serves as a Surgical Programme Director of VAD and Heart Transplantation. In 2014 he has been elected as a member of Executive Board of Euromacs, a Committee of EACTS

Jiri Maly, MD, Ph.D. Doctor of Medicine, Deputy Director of the Institute for Clinical and Experimental Medicine, Associate Professor of Surgery Consultant cardiac surgeon , Prague, Czech Republic.

Professor Massimo Massetti, MD,Cardiac Surgery, Catholic University of Sacred Heart, Gemelli Hospital, Rome, Italy.

Юрий Пя, Қазақстан, Астана қ., "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы, Медицина ғылымдарының докторы, Дүниежүзiлiк Кардиоторакальды хирургтар қоғамының (EACTS) 27-шi президентi. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Бас кардиохирургы.

Leviticus Cardio Ltd компаниясы туралы.:

Leviticus Cardio компаниясы (Leviticus-cardio.com) 2008 жылы құрылған медициналық құрылғыларды шығарады, жүрек функциясының бұзылуын емдеу үшiн сол жақ қарыншаны (LVAD) имплантталған қолдау құрылғысы бар пациентерде клиникалық нәтижелердi жақсартумен айналысады. Компания бастапқы даму сатысында жобалармен айналысатын Израиль инвестициялық тобының жетекшi The Trend lines Group, белгiлi жүрек-қантамыр хирургиясы дәрiгерлерi консорциумының, Израильдiң жеке инвесторларының және инновациялар Басқармасының қаржыландыруына ие болды (бұрын Экономика министрлiгiнiң Ғылыми басқармасының Әкiмшiлiк бөлiмi).

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық туралы, Астана, Қазақстан:

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық өзiнiң кардиохирургия және кардиология саласындағы жаңашыл және табысты қызметiнiң арқасында Орталық Азиядағы жетекшi медициналық ұйым болып табылады. Оның негiзгi мiндеттерi жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердiң денсаулығын жақсарту және Қазақстан азаматтарының өмiр сүру ұзақтығын одан әрi арттыру болып табылады. Орталық медициналық қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға, инновациялық технологияларды енгiзуге және зерттеу қызметiн дамытуға бағытталған. Орталық құрылған сәттен бастап 7 жыл iшiнде бiрiншi болып Орталық Азия аймағында жүрек пен өкпе трансплантациясын енгiздi және бiрiншi болып Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығында (бұрынғы Кеңестiк Республикалар) сол жақ қарынша үшiн қосалқы құрылғыларды енгiздi. Қазiргi уақытта орталық CARMAT және Heartmate 3 қоса алғанда, көптеген халықаралық клиникалық сынақтарды өткiзу орны болып табылады. 2018 жылы Орталық 9000-нан астам операция жасады, оның iшiнде 42 жасанды қан айналымы имплантациясы және 8 жүрек ауыстырып салу операциясы.

Мақаланың шыққан күні: 06.02.2019
Қаралым саны: 49

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz