A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жасампаздық пен әлеуметтік даму кезеңі

5 ақпан күнi Ақкөл ауданы әкiмдiгiнiң мәжiлiс залында Ақкөл аумақтық «Нұр Отан» партиясы филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өттi. Оны Ақкөл аумақтық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Б.Өмiрбаев ашып, мәжiлiс жұмысын жүргiздi.

Күн тәртiбiнде:

1. «Нұр Отан» партиясына 20 жыл». Жасампаздық пен әлеуметтiк даму кезеңi;

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының жүзеге асуының барысы туралы;

3. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейiнгi Бағдарламасының негiзгi жобалық қағидаларын талқылау;

4.Ақмола облысының өңiрлiк «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының жүзеге асуының барысы туралы Ақкөл аумақтық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Т.Қ.Едiгенов баяндады.

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейiнгi Бағдарламасының негiзгi қағидаларының жобасын Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Ақкөл аумақтық «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси кеңесiнiң мүшесi В.Н.Симчук сөз алып, таныс-тырды. «Нұр Отан» партиясына 20 жыл». Жасампаздық пен әлеуметтiк даму кезеңi тақырыбындағы ойын № 1 АОМ–нiң директоры Ә.Садықова айтып өттi.

Келесi «Ақмола облысының өңiрлiк «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттар сайлау туралы» мәселесi бойынша қаулы қабылданып, партия Жарғысының 9.6.п. сәйкес аудандық партия ұйымын көрсететiн облыстық партия конференциясының делегаттары сайланды.

Мемлекет басшысының жүргiзiп отырған саясатын белсендi түрде қолдап, жүзеге асыруға атсалысқан партия мүшелерi: Г.Бокпанова, Г.Нұрова, А.Садықова, В. Домрачев, Н. Юстус Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясы төрағасының, Ақкөл аумақтық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Т.Қ.Едiгеновтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Конференция жұмысына Ақкөл АПФ Саяси кеңесiнiң мүшелерi, аудандық мәс-лихаттың депутаттық фрак-циясының мүшелерi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететiн қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясының мүшелерi, бастауыш партия ұйымдарының жетекшiлерi, мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Мақаланың шыққан күні: 08.02.2019
Қаралым саны: 136

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz