A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Бақытты отбасы» жобасы өз жұмысын бастады

«Nur Otan» партиясының  — «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Жол картасын жүзеге асыру аясында Ақкөл ауданында полицияның тiрек бекеттерi жанынан 9 жедел әрекет ету тобы ашылды. Жедел топтардың құрамына мектеп психологтары, педагогтар, әлеуметтiк қызметкерлер, кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекторлар, учаскелiк полиция қызметкерлерi, патронаждық мейiрбикелер, ерiктiлер мен қоғамдық белсендiлер ендi. Жедел топтардың жұмысы қиын өмiрлiк жағдайға тап болған отбасыларға кешендi көмек көрсету және анықтау үшiн ведомствоаралық өзара iс-қимылды оңтайландыруға бағытталған.

Үстiмiздегi жылдың 16 маусым күнi Ақкөл ауданы әкiмi орынбасарының м.а. А.Алиннiң төрағалығымен ҚӨЖТ отбасыларды (қиын өмiрлiк жағдайға түскен отбасылар) анықтау бойынша жедел әрекет ету топтары мүшелерiнiң ведомствоаралық өзара iс-қимыл жөнiнде кеңесi өттi.

18 маусым күнi Ақкөл ауданы полиция бөлiмiнiң бастығы полковник Н.Алиев қиын өмiрлiк жағдайға тап болған отбасыларды дер кезiнде анықтау және оларға жедел көмек көрсету мәселелерi бойынша кәмелетке толмағандар iстерi жөнiндегi учаскелiк полицейлер мен инспекторлармен кеңес өткiздi.

Құрметтi ақкөлдiктер, егер сiздерге қиын өмiрлiк жағдайға тап болған отбасылар (тұлғалар) туралы фактiлер белгiлi болса, немесе отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездiкпен қараудың және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жағдайлары белгiлi болса, (8716 38) 2-10-02 телефонына қоңырау шалыңыз немесе 2-01-38 сенiм телефонына қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 18.06.2020
Қаралым саны: 88

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz