A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Бала тууына байланысты жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдердi тағайындау бойынша проактивтi қызмет көрсету

Бала тууына байланысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету процессiн жетiлдiру мақсатында, 2017 жылы баланың тууына, оның iшiнде баланың туылуын тiркеу, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне кезекке тұру, жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдердi тағайындаумен байланысты мемлекеттiк қызметтердi проактивтi түрде көрсету iске қосылды. Қызмет қызмет алушының өтiнiшiнсiз, SMS –хабарламалардың жауаптары арқылы көрсетiледi.

Мобильдi азаматтар Қорында тiркелген, қызмет алушыларға баланың тууын тiркегеннен кейiн, бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы және 1 жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты төлемдердi тағайындау үшiн туылған баланың кезектiлiгiне сұрау салу түрiнде SMS –хабарлама келедi. Жауапты алғаннан кейiн қызмет алушыға банкiлiк шотты растау туралы келесi SMS –хабарлама келедi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн басқа қажеттi мәлiметтер мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен келiп түседi. Қызмет алушының банкiлiк шотын тексерудiң оң нәтижесi жағдайында бала тууына байланысты жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша проактивтi қызметке өтiнiм «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорацияның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне бағытталады. Бала тууына байланысты жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдер тағайындалғаннан кейiн қызмет алушыға жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдердiң тағайындалған соммалары туралы хабарлама қызмет алушының абоненттiк нөмiрiне қысқа мәтiндiк хабарлама арқылы келедi.

Осылайша, мобильдi азаматтар Қорында тiркелу жоғарыда көрсетiлген қызметтi кезексiз алуға мүмкiндiк бередi. Тiркелудi немесе мобильдi азаматтар Қорында тiркелудi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорацияның Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлiмдердiң мобильдi тiркелу секторында тексеруге болады.

2019 жыл аралығында Ақмола облысы бойынша баланың тууы және күтiмi бойынша жәрдемақыны проактивтi түрде тағайындаумен 1008 адам қолданды.

Барлық сұрақтар бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» — 1411 әлеуметтiк — еңбек саласындағы Байланыс-орталығына хабарласыңыз (қоңырау шалу тегiн). Жұмыс кестесi: 9.00 бастап -18.00 дейiн түскi уақытқа үзiлiссiз, сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Мемлекеттiк корпорация КЕАҚ
Ақмола облысы бойынша филиалы

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2020
Қаралым саны: 145

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz