A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкімі Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлының Жаңа 2020 жылмен құттықтауы

Қадiрлi ақкөлдiктер!

Қымбатты жерлестер!

Сiздердi Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл, өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған iстi саралайтын кезең екендiгi белгiлi. Халқымыз «өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үмiт көп» деп, келер жылдан үлкен үмiт күтiп, жақсылықтар тiлейдi. Тiлеген армандар мен мақсаттарымыз орындала берсiн, қымбатты жерлестер!

2019 жылы ауданымызда жаңа өндiрiс орындары мен шағын кәсiпорындар iске қосылып, жаңа жұмыс орындар ашылды. Жұмыстағы басты басымдық тұрғындардың әл-ауқаты, әлеуметтiк-экономикалық саланы дамыту және аумақты көркейту болды.

Бiз тұрақты экономикалық өсудi сақтап, әлеуметтiк мәселелердi шешудi едәуiр жақсарттық. Аудан бойынша жылдық жоспардың 643 жұмыс орнына  — 921 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның iшiнде тұрақты — 441, уақытша — 480. Республикалық бюджеттен төрт көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етiлдi, аудан әкiмiнiң гранты бойынша әлжуаз және көпбалалы отбасылардан шыққан колледждер мен медициналық университеттерде күндiзгi бөлiмде оқитын студенттерге бiржолғы әлеуметтiк көмек төлендi, көпбалалы отбасылар Ақкөл қаласында қоғамдық көлiкте тегiн жүруi қамтамасыз етiлдi.

Мемлекеттiң қолдауымен ауданның агроөнеркәсiп кешенi де тұрақты дамуда. Ауа райының көп жағдайда қолайсыздығына қарамастан, биыл аудан диқандары жақсы егiн жинады. 143,4 мың тонна астық бастырылды.

Ауданымызда мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Iрi қара малдың және ұсақ мал өсiрудiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында дәйектi түрде селекциялық жұмыстар жүргiзiлуде. Машина-трактор паркiн заманауи өнiмдiлiгi жоғары жабдықтармен жаңарту бойынша шаралар қабылданды.

2019 жылы автомобиль жолдарды жөндеу және күтiп ұстау, Ақкөл қаласында сумен жабдықтау және электр желiлерiн салу мен қайта құру, «Қайнар –Жалғызқарағай — Тастыадыр» облыстық маңызы бар автожолындағы су өткiзгiш имаратын жөндеу, бiлiм беру, мәдениет пен денсаулық сақтау мекемелерiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

2019 жыл Елбасымен «Жастар жылы» деп жарияланды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық құжатын iске асыру және «Жастар жылы» аясында ауданда түрлi iс-шаралар өткiзiлдi. Олардың iшiнде ауқымдысы — Ақкөл қаласында «Елi бiрдiң, мақсаты бiр» атты жастар форумын өткiзу болды. Форумда жастар отаншылдық сезiмдерiн және өз туған жердiң гүлденуi жолындағы жасампаздық күштерiн көрсеттi!

Билiк пен қоғам арасында тиiмдi және сындарлы сұхбат құру үшiн Қазақстан Республикасы Президентi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы «Тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша iс-шаралар өткiзiлдi.

2019 жылғы барлық жетiстiктерiмiз бен табыстарымыз 2020 жылы iрi перспективалар мен мүмкiндiктер ашатын жарқын жалғасын табады деп сенемiн.

Құрметтi қауым!

Жаңа жыл баршаңызды жаңа бақыт пен жарқын арман — мақсаттарға жетелеп, ертеңгi күнге сенiмдерiңiздi еселей түссiн. Әр iсте бастамаларыңыз баянды болсын. Сiздерге бақ-береке мен сәттiлiк тiлеймiн!

Мақаланың шыққан күні: 31.12.2019
Қаралым саны: 86

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz