A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкімі Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлының Энергетиктер күнімен құттықтауы

Құрметтi энергетикалық кешен қызметкерлерi!

Қадiрлi сала ардагерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Энергетиктер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Заманауи энергетик — модернизацияны жүргiзу мен инновациялық технологияларын енгiзу саланың тұрақты және сенiмдi жұмысын қамтамасыз ететiн бiрегей тұлға. Бесаспап маман!

Сiздер өз өмiрлерiңiздi маңызды әрi игiлiктi iске — ел-жұртты жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге арнаған керемет жансыздар. Аудан мекемелерi мен ұйымдарының, мектептердiң, балабақшалар мен аурухананың үздiксiз жұмысы, тұрғын үйлердiң жылуы мен жайлылығы сiздердiң қажырлы еңбектерiңiзге тiкелей байланысты.

Мол тәжiрибелi әрi тиянақты жұмыс жасап жүрген энергетиктер мен сала ардагерлерге ерекше алғысымды бiлдiремiн.

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен тағы да құттықтай отыра, мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт, еңбекте жаңа табыстарға жете берулерiңiзге тiлектеспiн!

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2019
Қаралым саны: 265

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz