A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкімі Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметтi ақкөлдiктер!
рдақты жерлестер!

Сiздердi ұлтымыздың ұлттық мерекесi — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн туған елiн, Отанын сүйген әрбiр азамат үшiн ұлы мереке әрi абырой.

Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiктi қалпына келтiрiп, дүниежүзiлiк қоғамдастықта барлық егемендi елдермен терезесi тең мемлекет құрды. Мемлекеттiк тәуелсiздiк пен егемендiктiң арқасында елiмiз қарыштап дамып, әлемдегi тұрақты дамушы мемлекеттердiң қатарына ендi. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев бабалардан қалған байрақты жықпай, көк туды көкке өрлеттi.

Халық «Егемен елдiң еңсесi биiк» дейдi. Бүгiнгi егемендi Қазақстан Республикасының қоғамдық келiсiмi нығайып, әлеуметтiк-экономикалық жағдайы тұрақты жақсаруда. Халықаралық сахнада елiмiздiң беделi мен ықпалы жылдан-жылға ұлғайып, еңсемiз биiктей түсуде.

Қадiрлi қауым, осы жеткен жетiстiктерiмiзiге әрқайсымыз құрметпен қарап, қолымыздан келгенше елiмiздiң әрi қарай жаңа табыстар мен шыңдарға жете беруiне бiлектi күш жұмсауымыз қажет.

Ардақты ағайын!

Елiмiз аман, аспанымыз ашық, мемлекетiмiз қуатты, тәуелсiздiгiмiз тұғырлы болсын!

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2019
Қаралым саны: 181

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz