A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржановтың Сауда қызметкерлерi күнiмен құттықтауы

Құрметтi сауда қызметкерлерi мен ардагерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзаттың даму тарихында сауда-саттық саласы маңызды рөл атқарып, елдер мен қоғамдарды өркендетiп келедi. Кез келген мемлекеттiң сауда саласы жалпы iшкi өнiм құрылымында жетекшi орынға ие және ел бюджетiне салық түсiмдерiнiң елеулi бөлiгiн қамтамасыз ететiн экономиканың неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан салаларының бiрi.

Бүгiнде бұл салада сауатты әрi бастамашыл тұлғалар, өз iсiнiң шеберлерi жұмыс iстейдi. Аудан экономикамыздың дамуына сүбелi үлес қосып, тұтыну нарығын жетiлдiруге және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыруға айрықша назар бөлiп, өмiр сапасын жақсартып келедi.

Қадiрлi сауда қызметкерлерi мен ардагерлерi!

Кәсiби мерекелерiңiз күнi сiздерге адалдық пен бастамашылдық үшiн алғысымды бiлдiремiн және шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт және кәсiби жетiстiктер тiлеймiн!

Ақкөл ауданының әкiмi, «Nur
Otan» партиясының Аудандық филиалының
төрағасы А.Қайыржанов

Мақаланың шыққан күні: 26.07.2020
Қаралым саны: 107

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz