A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржановтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерi күнiмен құттықтауы

Құрметтi бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi мен ардагерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Заманауи әлемнiң бұқаралық ақпарат құралдары озық баспа және электронды басылымдарды, телевизияны, радио және ғаламторды оңтайлы пайдалануда. Осы үздiк технология жетiстiктерiн Қазақстан да белсендi түрде игеруде.

Бүгiнгi күнi елiмiздiң, өңiрiмiздiң бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегi ретiнде билiк пен қоғамның арасындағы дәнекер ғана емес, жалпы мемлекетiмiздiң толағай табыстары мен орасан жетiстiктерiнiң жаршысы болып келедi.

Жергiлiктi «Знамя Родины KZ» газетi ауданымыздың ғұмыр айнасы екенi баршамызға белгiлi. Елдiң маңызды жаңалықтары, аудан көлемiнде болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық, мәдени, спорттық шаралар және басқа игiлiктi iстердiң еш кiдiрiссiз газет бетiнде жарық көруi — тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейдi. Газет тiлшiлерi сан мәрте облыстық және республикалық конкурстардың жеңiмпаздары мен лауреаттары атанып, қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершiлiктi абыроймен атқаруда. Редакцияда жұмыс жасайтын дарынды әрi шығармашыл ұжымының арқасында «Знамя Родины KZ» газетi Ақкөл тұрғындары арасында құрмет пен кең танымалдыққа ие болды.

Қадiрлi бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi мен ардагерлерi!

Сiздердi төл мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, дендерiңiзге саулық, жанұяларыңызға амандық тiлеймiн! Шағармашылық еңбектерiңiз табысты болсын!

Ақкөл ауданының әкiмi, «Nur
Otan» партиясының Аудандық филиалының
төрағасы А.Қайыржанов

Мақаланың шыққан күні: 28.06.2020
Қаралым саны: 39

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz