A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржановтың Медицина қызметкерлерi күнiмен құттықтауы

Құрметтi медицина қызметкерлерi! Қадiрлi сала ардагерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын!

Адам өмiрiн ұзартуға септiгiн тигiзiп, ажалдан арашалаушы дәрiгер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгiнде қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту — елiмiздiң мемлекеттiк саясатының басым бағыттарының бiрi. Елiмiзде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетiмдi және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкiндiктер жасалуда.

Ақ халатты абзал жандар — кез келген қоғам үшiн ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығы мен оның белсендi өмiрiне адал қызмет ететiн ең iзгi, мейiрiмдi мамандық иелерi. Сiздердiң жақсылыққа деген сенiмдерiңiз артып, кәсiби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшiн мақтаныш сезiмi әрдайым жетелей берсiн!

Кәсiби мерекелерiңiзбен құттықтай отыра, сiздердiң коронавирус инфекциясымен күресуге белсендi түрде атсалысып, ерен еңбек жасап отырғандарыңыз үшiн айрықша алғысымды бiлдiремiн.

Қадiрлi медицина қызметкерлерi мен сала ардагерлерi!

Еңбектерiңiз халыққа қуаныш сыйлап, өздерiңiздi нұрға бөлесiн. жанұяларыңызға амандық, дендерiңiзге саулық, бақыт пен жаңа табыстар тiлеймiн!

Ақкөл ауданының әкiмi, «Nur
Otan» партиясының Аудандық филиалының
төрағасы А.Қайыржанов

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2020
Қаралым саны: 82

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz