A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржановтың «Мемлекеттiк қызметшiлер күнi» және «Қазақстан полициясы күнi» мерекелерiмен құттықтауы

Құрметтi мемлекеттiк қызметшiлер мен сала ардагерлерi!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Мемлекеттiк қызметшiлер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттiк қызмет — халықтың сенiмiн ақтау, елiмiздiң абыройын асырып, асқақтату. Әрбiр өркениеттiң өрiне қадам бастаған мемлекеттiң ең басты тiрегi, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттiк қызметшi екенi белгiлi. Сондықтан да ұлт мәртебесiн көтеретiн, ел беделiн асқақтататын мемлекеттiк қызметшi болу — мәртебелi мiндет. Мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiң шынайы болмысы.

Сiздердiң күш-жiгерлерiңiз алдағы уақытта да қазақстандық мемлекеттiлiктi, демократияны, мемлекет экономикасын дамытуды қалыптастыру мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенiмдiмiн.

Қадiрмендi әрiптестер!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен құттықтай отыра, зор денсаулық, бақыт, жанұяларыңызға бақ-береке мен табыс тiлеймiн!

Қадiрлi тәртiп сақшылары!

Сiздердi кәсiби мерекелерiңiз — Қазақстан полициясы күнiмен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететiн қызметкерлердiң еңбектерiн бағалап, алғысқа бөлеп, ел тыныштығы мен қауiпсiздiгi жолында құрбан болған тәртiп сақшыларын еске алатын күн десек, артық айтқандық емес.

Iшкi iстер органдары — елiмiздiң ең iрi, көп құрылымды, қазақстандықтардың құқығын қорғап, қылмыспен күресетiн, тәртiптi қамтамасыз ететiн ұйым.

Ауданымыздың iшкi iстер саласының қызметкерлерi өздерiне жүктелген жауапкершiлiк пен мiндеттердi абыроймен атқарып келедi әрi осы бағытта бұл жұмысты жүйелi түрде жалғастырады деп сенемiн. Өңiрiмiзде коронавирус инфекциясының таралмауына белгiленген тәртiп ережелерiн қатаң сақтау арқылы жол бермегенi үшiн, полиция қызметкерлерiне ерекше алғысымды бiлдiремiн.

Құрметтi полиция қызметкерлерi!

Ардақты iшкi iстер ардагерлерi!

Төл мерекелерiңiз құтты болсын! Сiздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық пен құт-береке тiлеймiн!

Ақкөл ауданының әкiмi, «Nur
Otan» партиясының Аудандық филиалының
төрағасы А.Қайыржанов

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2020
Қаралым саны: 86

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz