A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Пандемия Ақмола облысында электронды форматтағы мемлекеттiк қызметтердiң артуына ықпал еттi

Бүгiн ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалинов Өңiрлiк коммуникациялар қызметi алаңында ұйымдастырылған брифингте мемлекеттiк органдармен электронды форматта көрсетiлген қызметтер мөлшерiнiң артқанын мәлiмдедi.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жыл соңына дейiн жиi талап етiлетiн анықтамалар мен қағаз түрiндегi растау құжаттарын жойып, ақпаратты цифрлық түрде растау мүмкiндiгiн қамтамасыз етудi, ал халықтың электронды сервистерге жүгiнуiн жңiлдету үшiн мемлекеттiк қызметтер деңгейiнде және жеке бизнесте биометрияны кеңiнен қолдануды тапсырды.

Ағымдағы жылы Ақмола облысында 3 120 013 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде электронды форматта 2 915 677 немесе 93,4% қызмет көрсетiлдi. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мемлекеттiк қызметтердi толық цифрландыруға және оларды жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi» — деп Б. Беспалинов атап өттi.

Оның айтуынша, өткен жылы бұл көрсеткiш 84% құраған. Сонымен қатар спикер жыл басынан берi қағаз түрiнде 82 611 немесе 2,6% қызмет, Мемлекеттiк корпорациямен — 121 725 немесе 3,9% қызмет көрсетiлгенiн хабарлады.

Карантин режiмi кезеңiнде Мемлекеттiк корпорация қызмет алушының қатысуын талап ететiн қызметтердi ғана алдын ала кезек брондау арқылы көрсеттi. «Өзiне өзi қызмет көрсету секторы» жеңiлдетiлдi, азаматтар үшiн онлайн-кеңес ұйымдастырылды. Халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн қағаз және электронды түрде қызмет көрсету бұрыштары ашылды.

Б.Беспалинов Департаменттiң азаматтармен жұмыс iстеуге ерекше көңiл бөлетiнiн атап өттi. Жыл басынан бастап онлайн режiмде 12 рет азаматтарды қабылдау өткiзiлiп, мемлекеттiк қызметке түсу, мемлекеттiк қызметтерге қол жеткiзу мәселелерi бойынша 143 өтiнiш қаралды.

Сонымен қатар карантин кезiнде Департаменттiң колл-орталығы нөмiрi бойынша және әлеуметтiк желiлер арқылы 400-ден астам өтiнiш түстi. Департамент қызметкерлерi азаматтарға тестiлеуге жазылу, ЭЦҚ ұзарту немесе қашықтықтан алу, мобильдi азаматтар базасында тiркелу, ресми өтiнiштер жолдау, түрлi анықтамаларға қол жеткiзу сияқты қызметтер түрлерiн алуға көмек көрсетуде. Оған қоса бейнебайланыс арқылы тұрақты негiзде интернет-конференциялар, тiкелей эфирлер және семинарлар өткiзiлiп отырады.

ҚР МҚIА Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2020
Қаралым саны: 58

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz