A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БАСУ ҚАТЕРІ ТӨНГЕН ЖӘНЕ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ ХАЛЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Су басқанша дейiн:

  • су басу қатерi туындағаны туралы дабыл (хабарлама) алған кезде құжаттарды, құнды заттарды дайындап, оларды арнайы чемоданға немесе арқа қоржынға салу қажет;
  • мүлiктердi және материалдық құндылықтарды қауiпсiз жерге апару (шатыр, төбе) немесе оларды жоғары (шкаф, антресолға) қою қажет;
  • отбасы мүшесiмен эвакуация жолын, ықтимал су басу шекарасын ( су басу), сонымен қатар эвакуацияланған адамдарды қауiпсiз жерге орналастыру орындарын зерттеу;
  • су басу кенеттен және қарқынды дамып келе жатқан жағдайда қайықтардың, салдардың тұрған жерiмен танысыңыз.

Су басу кезiнде:

а) егерде су басу кенеттен болса

  • ғимараттың жоғарғы қабатына, шатырға, немесе жердiң көтерiңкi учаскесiне көтерiлiп, өзiңiзбен бiрге эвакуациялау үшiн жарамды заттарды (автомобиль камерасын, үрлемелi матрас және т. б.), сондай-ақ өзiңiз орналасқан жердi көрсету үшiн (ашық түстi мата, қол шамы) болуы қажет;
  • көмек келгенше дейiн сигнал берiп, өз орнында болу қажет;
  • су баспаған аумақтарға тек өте қажет болғанда ғана өзiн өзi эвакуациялау керек: зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн, су мен азық-түлiк жоқ болған кезде, жағдайдың нашарлану қауiпi төнген немесе басқа жақтан көмек келмейтiнiне сенiмнiң жоғалуынан;

б) егер сiз үйде болсаңыз

  • оқиғалардың дамуымен хабардар болу үшiн радио немесе теледидарды қосу қажет;
  • мүгедектер мен қарттарға, балаларға көмек көрсетiп, көршiлердi ескерту қажет;
  • уақыт болған жағдайда газды сөндiрiңiз, терезелер мен есiктердi тығыз жабыңыз;
  • өзiңiзбен бiрге тек керектi заттарды: пакетке салынған құжатты, ақшаны, медициналық дәрi қобдиша, үш күндiк азық-түлiк қорын, төсек-орын бұйымдары мен дәретхана керек-жарақтарын, үстiңгi киiм-кешек жинағын және аяқ киiмдi алу қажет;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Төтенше жағдайлар кезiнде — 112 нөмерiне хабарласыныздар

ӘРТҮРЛI ЖАҒДАЙ КЕЗIНДЕ ТЫНЫШТЫҚТЫ ЖӘНЕ САБЫРЛЫҚТЫ САҚТАНЫЗДАР — СIЗГЕ МIНДЕТТI ТҮРДЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕДI!!!

Су басқаннан кейiн:

  • құтқару қызметiнiң нұсқаулығын қолданыңыз және радионы тыңдаңыз;
  • тұрғын үйге жақындаған кезде үзiлген және салбырап тұрған электр сымдарынан сақтаныздар;
  • электрлiк жүйенi мамандар тексергенше дейiн электр құрылғылармен қолданбау қажет;
  • үйге кiрген кезде абайлаңыз, барлық оның құрылымының берiктiгiн (қабырға, еден) тексерiңiз;
  • iшкi бөлмелердi қараған кезде ауада газдың ықтимал болуына байланысты жарық көзi ретiнде сiреңкенi, шырақтарды және т.б. қолданбау қажет. Осы мақсатқа электр шамын қолдану қажет;
  • суға тиген азық-түлiктi және су қорын қолданбастан бұрын, тазалық сақтау инспекциясына тексерту қажет. Суды тартып шығару әдiсiмен құдықтарды кептiру қажет;
  • Тұрғын үйдi тексерiп кептiру керек, жиһаздарды, асхана құралдарын, ыдыстарды тазарту қажет. Осы мақсатқа ағартқыш пен қайнаған суды қолдану қажет.
Мақаланың шыққан күні: 12.03.2019
Қаралым саны: 90

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz