A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан әкiмiнiң есеп беру кездесулерi

Аудан әкiмi Алпысбай Қайыржанов үстiмiздегi жылдың 20 қаңтар күнi Урюпин және Наумов ауылдық округтерi, 21-28 қаңтар аралығында Жалғызқарағай, Новорыбин, Қарасай, Еңбек және Кеңес ауылдық округтерi, Азат ауылының және Ақкөл қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесулерiн өткiздi.

Есептiк кездесу барысында әкiм ауданымыздың жетiстiктерi мен елiмiздiң өткен кезеңдегi маңызды оқиғаларын ерекше атап өтiп, Ел Президентi Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегi Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Жолдауының негiзгi басымдықтары туралы айтты.

Аудан басшысы ауылдық округтерiнiң, Азат ауылының және Ақкөл қаласының тұрғындары алдында сөз сөйлеп, өткен жылдың негiзгi көрсеткiштерi бойынша егжей-тегжейлi талдау жасады, жетiстiктерiн атап өтiп, үстiмiздегi жылы жұмыс iстеу қажет кемшiлiктерге тоқталды.

Кездесу барысында аудан әкiмi алдағы жоспарларымен бөлiсiп, таяу уақытта жүзеге асырылуы тиiс бiрiншi кезектегi және маңызды мiндеттер туралы айтты. Айталық, 2020 жылы Еңбек мектеп — бақшасының және Еңбек ауылындағы Мәдени-спорт кешенiнiң ғимаратына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Аудан мектептерiнiң ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Және ауданның автомобиль, кентiшiлiк және кентаралық жолдарына, су тегеурiндi мұнараларға, сондай-ақ Ақкөл қаласындағы кәрiз жүйелерiне ағымдағы жөндеу жүргiзiлетiнiн хабарлады.

Есептiк кездесудi қорытындылай келе, аудан басшысы тұрғындарды еңбекқорлыққа, әлеуметтiк жауапкершiлiкке және белсендi өмiр салтына шақырды. Бұл үшiн мемлекет қажеттi қолдау бағдарламаларын жасап отырғанын атап өттi.

Кездесуде ауылдық округ әкiмдерi, Азат ауылының әкiмi және Ақкөл қаласының әкiмi баяндама жасады. Әкiмдер өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берiп, 2020 жылға арналған iс-шаралар жоспарын баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап бердi.

Iс-шара соңында аудан әкiмi Алпысбай Қайыржанов маңызды әлеуметтiк мiндеттердi шешуде белсендiлiк танытып, өзектi сұрақтар қойып, тұрғындарға алғысын бiлдiрдi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 29.01.2020
Қаралым саны: 1047

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz