A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік этика нормаларын сақтау туралы

«Ақмола — адалдық алаңы» жобасы шеңберiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың ұйымдастыру iс-шараларының желiлiк кестесiн орындау мақсатында Ақмола облысы жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында басқарма басшысы Ерғали Шориннiң төрағалығымен семинар-кеңес өткiзiлдi.

Iс-шараға спикерлер ретiнде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi алдын алу және парасаттылық басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Есбол Кенжалин, Ақмола облысы әкiмi аппаратының Әдеп жөнiндегi уәкiлi Айнагүл Жанадилова, облыстық Жердi пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының әдеп жөнiндегi уәкiлi Нұрболат Бөкен қатысты.

Кеңестi аша отырып, Ерғали Шорин елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргiзу маңызды рөл атқаратынын атап өттi, өйткенi сыбайлас жемқорлық демократияның жұмыс iстеуiне және қоғамдық ресурстарды оңтайлы пайдалануға кедергi келтiредi, мемлекеттiк институттардың жұмысын тежейдi. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың таралуына қарсы ең үздiк кепiлдiк — мемлекет әзiрлеген және процеске бүкiл қоғамды тартуға негiзделген алдын алу шараларының дамыған жүйесi.

Семинар бағдарламасы аясында Айнагүл Жанадилова баяндама жасап, қатысушыларға мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнаманың этикалық нормалары мен талаптарын сақтау туралы түсiндiрдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнеролик көрсетiлiмiн көрсете отырып, Есбол Кенжалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң құрылымы, басқа мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар туралы айтып, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласында белсендi жұмыс жүргiзудi ұсынды.

Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң этикалық нормаларды сақтау бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар, нормаларды бұзудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы дамыту саласында өткiзiлетiн iс-шаралар туралы Нұрболат Бөкен сөз сөйледi.

Семинар соңында қатысушылар пiкiр алмасып, тиiстi ұсыныстар жасалды.

 

Мақаланың шыққан күні: 05.12.2019
Қаралым саны: 264

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz