A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігі

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңiне әзiрлiгi» тақырыбында баспасөз конференциясы өттi.

Iс-шараға Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Юрий Ильин, «Қазгидромет» РМК бас директоры Марат Кынатов қатысты.

Юрий Ильин атап өткендей, ТЖК көктемгi су тасқыны кезеңiнде су басу қаупi жоғары 505 елдi мекен анықталды.

Алматы (75), Шығыс Қазақстан (76), Батыс Қазақстан (72), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстiк Қазақстан (18) облыстарында.

Тасқын және ерiген сулардың халыққа және көлiк инфрақұрылымына әсерiн төмендету мақсатында 2017 жылдан бастап тасқын қауiп-қатерлердi болдырмау және жою бойынша Жол картасы (2017-2020 жылдарға) iске асырылуда. Жол картасы 2017-2020 жылдарға арналған. Онда 637 iс-шара көзделген.

Соңғы 2 жыл көлемiнде 357 iс-шара iске асырылып,2019 жылға 232 iс-шара жоспарлануда.

174 қорғаныс бөгетi салынып, нығайтылды, 119 гидротехникалық құрылыс, өткiзу қабiлетiн арттыру арқылы 64 көпiр жөндеуден өттi.

Тек соңғы бiр жыл iшiнде 240 шақырым бөгет салынып, жөндеуден өткiзiлдi., 55 шақырым елдi мекендер қоршалды және 493 шақырым су тасқыны қаупi бар өзен арналарында жұмыстар жүргiзiлдi.

Су басуды болдырмау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдармен келесiдей жұмыстар жүргiзiлдi:

- елдi мекендерден 8,8 млн. текше метрден астам қар шығарылды;

- ЖЖМ (10,4 мың тонна), инерттi материалдар (257 мың тонна), қаптар (1 млн. дана) және жарылғыш заттар (36 тонна) қоры жасақталды;

- төтенше резервтер мен кезек күттiрмейтiн шығындарға арналған резервтерде 19,4 млрд. теңге қаржы көзделген;

- автомобиль және темiр жол көпiрлерi астындағы 18 мың су өткiзу құрылыстары тазартылды.

Бұдан басқа, ТЖК бөлiмшелерi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, рейдтiк iс-шаралар шеңберiнде 999 елдi мекеннiң дайындығын тексердi.

Тұрғындармен аула-аумақтардан қарды шығару, су тасқыны кезiндегi iс-қимыл ережелерi бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде.

Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi республиканың барлық су қоймаларында тасқын суларды қабылдау үшiн бос сыйымдылықтар қорын құруға бақылауды жүзеге асырады.

Өзендердегi мұз құбылыстарына мониторинг жүргiзiлуде.

Елдi мекендерде инженерлiк-қорғау iс-шараларын жүргiзудi талдау және гидрометеорологиялық жағдайды болжау нәтижелерi бойынша ТЖК 2019 жылы су тасқыны қаупi бар облыстар үшiн елдi мекендердi су басу қаупiнiң деңгейi(жоғары, орташа және болмашы) есептелген.

Мәселен, жоғары тәуекел деңгейiне Батыс Қазақстан (65), Ақмола (46), Қостанай (39), Шығыс Қазақстан (24), Қарағанды (20), Солтүстiк Қазақстан (6) облыстарының 200 елдi мекендерi кiрiп отыр.

Орта тәуекел деңгейiне (117) — Алматы (43), Қызылорда (31), Ақтөбе (25), Павлодар (8), Жамбыл (6) және Түркiстан (4) облыстары жатқызылды. Тәуекел деңгейi болмашыаймақтар — Атырау және Маңғыстау облыстары.

ТЖК су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуiне жедел ден қою мақсатында iшкi iстер органдарының күштерi мен құралдарының арнайы топтары құрылып, жалпы саны 15 мың адам мен2 мыңнанастам техника жұмылдырылды.

Құтқару және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу үшiн барлық бөлiмшелер (оның iшiнде азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi) қажеттi техникамен, жабдықтармен және жарақтармен қамтамасыз етiлген. 2018 жылы республикалық бюджет және жергiлiктi бюджет есебiнен қосымша арнайы су сорғыш құрылғылар (700 мотопомпа), құрал-саймандар мен киiм-кешектер (3442 жиынтық) сатып алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланымен зардап шеккен халық үшiн 3 лагерьдайын.

Жекелеген өңiрлерде су тасқыны жағдайы шиеленiсуi мүмкiн болған жағдайда азаматтық қорғау құтқару бөлiмшелерiнiң күштерi мен құралдарын қосымша көшiру мәселелерi пысықталды.

Ағымдағы жылдың 26-27 ақпанында «Көктем-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау жүйесiнiң басқару органдарының, күштерi мен құралдарының iс-қимылдары практикада пысықталды, оның штабы Петропавл қаласында орналасты.

Жалпы, азаматтық қорғау органдарының барлық бөлiмшелерi толық әзiр.

в полную готовность.

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2019
Қаралым саны: 182

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz