A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ МЕНСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз конференциясында республикалық Арнайы мониторингтiк топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов ақпарат бердi.

«Бiз күнделiктi жұмысымызда 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сүйенемiз және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне талдау жүргiзiп қана қоймай, бiздiң зерттеу мен нақты iс-әрекеттерiмiздiң нәтижелерiне үлкен көңiл бөлемiз.

Арнайы мониторингтiк топ — бұл бiздiң елiмiздiң белсендi азаматтарынан құралған, арнайы мониторингтiк топтың әрбiр мүшесi-қоғам қайраткерi, өз саласының кәсiби маманы болуы, бiзге мәселелердi тиiмдi қарауға және зерттеуге мүмкiндiк бередi

Мен, өз әрiптестерiм сияқты, АМТ төрағасының орынбасары болып табыламын және "Құпия сатып алушы" жобасы арқылы азаматтық бақылауға жауап беремiн", — дедi Рафаэль Гасанов өзiнiң кiрiспе сөзiнде.

Баспасөз конференциясы барысында спикер арнайы мониторингтiк топ жұмысының нәтижелерi туралы айтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жоюға және халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бiрнеше мысалдар келтiрдi:

Мысалға, Қостанай облысында тұрғын үй алу түрiндегi мемлекеттiк қолдау бойынша балалар үйiнiң түлектерiнiң құқығы бұзылған болатын. Сонымен қатар, түлектер заңды шаршы метр алу құқығы туралы ақпараттандырылмай, 5 жылдан астам тұрғылықты жерi болмаған.

Алайда, АМТ мүшелерiнiң араласуымен, БАҚ-да осы мәселе көптеп жариялануынан кейiн түлектер кезек туралы толық ақпарат алып, оларға жатақханалардан 5 бөлме түрiнде көмек берiлдi.

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарға тұрғын үй беру мәселесi бүгiнгi күнi өте өткiр мәселе. Бiздiң топ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау, барлық өңiрлерде объективтiлiк пен ашықтық үшiн Байқау кеңесiнiң құрамына енгiзу бойынша ұсыныстар бердi, бүгiнгi күнi бұл мәселе қаралуда», — дедi Гасанов.

Сондай-ақ, АМТ-тың барлық мүшелерiнiң араласуымен iшкi бағыт бойынша билеттердiң жасанды тапшылығы фактiлерi және делдалдарда билет құны 2-3 есеге қымбат болғаны анықталғаны аталып өттi.

Осы фактiлерден кейiн, ұлттық компания жаппай ақпараттық сынға түсiп, АМТ мүшелерi бiрлескен күш-жiгерлерiн жүзеге асыру барысында «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ға ұсынымдар жiберiлдi, соның нәтижесiнде ҚТЖ мен Агенттiкпен бiрге елiмiздiң барлық қалаларында бiрлескен жобалық кеңселер ашылды

"Сондай-ақ, бүгiнгi күнi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қоғамдық бақылау және мониторинг жүргiзiлiп отыратындығын атап өткiм келедi. АМТ мүшелерi тұрақты негiзде мамандандырылған ХҚКО-да "ПОМОГАЙКА" деп аталатын проблемалық мәселелердi бiрлесiп көтердi.

БАҚ-та және әлеуметтiк желiлерде ҚР IIМ мен "Азаматтарға арналған үкiмет" МК КЕАҚ-да қатысты сыниматериалдардың жаппай жариялануы, АМТ мүшелерi мен Агенттiкпен ұсыныстар жiберiлуiне әкеп соқты. Соның нәтижесiнде 2019 жылы Алматыда қосымша 3 мамандандырылған ХҚКО ашылды және Астана мен Шымкент қалаларында ашу жоспарланған", — деп қорытындылады спикер.

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2019
Қаралым саны: 61

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz