A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ауылдың дамуы басты назарда

Үстiмiздегi жылдың 24 шiлде күнi Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов Еңбек ауылына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында әкiм Еңбек орта мектебiнiң күрделi жөндеуiн, мәдени-спорт кешенiнiң күрделi жөндеуiн, ауыл орталығында балалар ойын жабдықтарын орнатылуын және ұзындығы 2350 метрдi құрайтын екi көшеде көше жарығын орнатылуын тексердi.

Естерiңiзге сала кетейiк, Еңбек ауылындағы орта мектеп-балабақша мен мәдени-спорт кешенiнде күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Аталмыш жобаларды iске асыруға нақты мерзiм белгiленген: үстiмiздегi жылдың тамыз айының соңы. Осы уақыт iшiнде мектеп ауыл балаларын жаңа оқу жылына қабылдауға дайын болуға, ал МСК өнер мен спортқа құштар тұрғындарға өз есiгiн айқара ашып үлгеруi тиiс. Аталмыш әлеуметтiк нысандардың күрделi жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Тексерiс соңында аудан басшысы мердiгерлерге орта мектеп-бақшаның күрделi жөндеу жұмыстарын жандандыру және барлық жұмыстарды мерзiмiнде аяқтау қажет екенiн атап өттi.

Ақкөл ауданы әкiмiнiң баспасөз қызметi

 

 

Мақаланың шыққан күні: 24.07.2020
Қаралым саны: 112

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz