A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыру жұмысының жаңа форматы

Бүгiн ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi Ақмола облысының өңiрлiк коммуникациялар қызметi алаңында брифинг ұйымдастырып, оған Департамент басшысы Берген Беспалинов қатысты.

Өз баяндамасында спикер Департаменттiң тәртiптiк шаралары бойынша жұмысына тоқталды.

«Бұл бағытта облысымызда Әдеп жөнiндегi кеңес, әдеп жөнiндегi уәкiлдер тиiстi жұмыс атқаруда. Әдеп жөнiндегi кеңестiң қызметi тәртiптiк iстердi қараудың орнына қазiргi уақытта тәртiптiк құқық бұзушылықтардың алдын алу сияқты жұмысқа баса назар аударуда» — деп мәлiмдедi Берген Беспалинов.

Еске салатын болсақ, қазiргi уақытта тәртiптiк кеңеспен қаралатын мәселелердiң 63% құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар брифингте Әдеп жөнiндегi кеңес құрамының өзгергенi айтылды. Ендiгi кезде кеңестiң 2/3 мүшесi — ол БАҚ, Үкiметтiк емес ұйымдардың, «Атамекен» кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi, депутаттар. Бұл тұлғалар өздерiнiң өмiрлiк тәжiрибесi мен бiлiктiлiгiн алға тарта отырып, тәртiптiк құқық бұзушылықтарға әдiл баға бере алатын және мемлекеттiк тәртiптiң нығаюы бойынша ұсынымдар бере алатын болады.

Сонымен қатар брифингте мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары туралы сөз қозғалды.

«Департамент мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек құқықтарын қорғауға баса назар аударуда. Тұрақты негiзде бiз мемлекеттiк органдарда алдын алу шараларын жүргiземiз» — деп Берген Беспалинов мәлiмдедi.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз орталығы

 

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2019
Қаралым саны: 262

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz