A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қар шығару айлығы

Ақкөл ауданында көктемде қардың көп болуы мүмкiн, сондықтан, су тасқынына дайындықты қазiр бастау қажет. Көктемгi су тасқыны, қар жамылғысының еруiмен күшейтiлген, ол едәуiр терiс салдарға әкеп соқтыруы мүмкiн. Тұрғын үй — жайларды және әлеуметтiк нысандарды су басу, автомобиль жолдарын шайып кету, көпiрлердi бұзу, сондай-ақ өсiмдiктердi жою және жануарлардың өлiмi — бұл табиғи апаттарға әкелiп соқтырудың толық тiзiмi емес. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақкөл ауданының аумағында 2020 жылдың 17 ақпан мен 21 наурыз аралығында елдi мекендерден қар шығару бойынша айлық өткiзiледi.

Су тасқынына дайындық бойынша iс-шараларды арнайы қызметтер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өздерi де жүргiзедi және көктемгi кезең басталғанда мiндеттi болып табылады.

Барлық аудан тұрғындарына су тасқыны кезеңiне дейiн мынадай iс-әрекет орындау қажет:

- тұрғын үйлердiң iргелес аумағын қардан уақытылы тазалау;

- нөсерлiк кәрiздердi және басқа да су өткiзу құрылыстарын тазарту;

- сорғы жабдықтарын және суды соруға арналған құралдарды тексеру және жұмысқа дайындау;

- мiндеттi түрде тұрғын үйлердiң жертөлелерiн қорғау жұмыстарын жүргiзу қажет.

АҚ және ТЖ бойынша әкiмнiң бас инспекторы Биданов Е.К.

Мақаланың шыққан күні: 13.02.2020
Қаралым саны: 90

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz