A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«AQMOLA — ADALDYQ ALAŃY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСIНIҢ МЕНЕДЖЕРI 2020 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДIК МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIСI АТАНДЫ

Ақмола облысы бойынша Соттар әкiмшiсiнiң Атбасар аудандық соты кеңсесiнiң бас маман-сот отырысының хатшысы, сонымен бiрге «Aqmola — Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесiнiң менеджерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша өңiрлiк Ақпараттық-ағарту штабының мүшесi Алмас Еркибаев «Жылдың үздiк мемлекеттiк қызметшiсi» республикалық байқауының жеңiмпаздарының бiрi атанды.

Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң әлеуетi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамытуға бағытталған конкурс үшiншi жыл қатарынан өткiзiлiп келедi. Осы жылы байқауға Қазақстанның әр өңiрiнен 761 мемлекеттiк қызметшi қатысты.

Алмас Еркибаев 2015 жылы еңбек жолын сот жүйесiнде бастады. Алмас мемлекеттiк қызмет өтiлi 3 жылды құрайтын кәсiби қызметiнiң осындай қысқа мерзiм iшiнде өзiн елдiң парасатты, адал, отаншыл азамат ретiнде көрсеттi.

Қоғамдық түрлi iс-шараларға белсендi қатыса отырып, бiрнеше марапат және көтермелеу алды, олардың арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi, Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi, облыстық Соттың төрағаларынының алғыс хаттары, Ақмола облысы әкiмiнiң атынан «Үздiк жас мемлекеттiк қызметшi» дипломы.

Қызмет өткеру кезеңiнде тренингтерге, форумдарға, семинарларға, конференцияларға, ақпараттық-түсiндiру iс-шаралары мен кездесулерге бiрнеше рет қатысты, оның iшiнде «Аdaldyq alańy» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен конференцияның, сондай-ақ, 2019 жылы Transparency Kazakhstan Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебiнде оқыту тренингiнiң тыңдаушысы болды.

Сонымен қатар, «жылдың үздiк мемлекеттiк қызметшiсi» БАҚ-та мақалалар жариялау, әлеуметтiк желiлердегi посттар жазу, тiкелей эфир өткiзу арқылы ақпараттық-насихаттау және құқықтық жұмыстарды өзi жүргiзедi.

Алмас Еркибаев «Aqmola — Adaldyq Alańy» өңiрлiк жобалық кеңсесiнiң ерiктiсi бола отырып, түрлi әлеуметтiк мәселелер бойынша азаматтардың 1000-ға жуық өтiнiштерiн жеке өзi шештi.

Мақаланың шыққан күні: 24.06.2020
Қаралым саны: 87

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz