A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
МАЛ АЗЫҒЫ - ЖАН АЗЫҒЫ

Биыл Жарқайың ауданы бойынша 33 мың тонна шөп дайындау жоспарланған. Пiшеншiлер маусымның аяғына таман науқанды бастағанымен 3100 тонна азық дайындаған, деп хабарлайды Ақмола облысы iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Мал азығы — ертеңгi ел азығы. Қыстың қамын ерте ойлайтын ауылдағы ағайынның шөп қылтия шабындық iздейтiн әдетi. Қазiр ауданда мал азығының сенiмдi қорын жасау жолында қызу еңбек жүрiп жатыр. Шаруагерлер жем-шөп дайындауды науқан уақытында бiрiншi орынға қойды. «Қыс шанаңды жаз сайла» демекшi, қыстың жайын ерте қамдаған аудан пiшеншiлерi қазiрдiң өзiнде мая-мая шөптi едәуiр көлемде жинап үлгердi.

Жаз — шаруа айы. «Шөбi көптiң малы тоқ» дегендей, биыл шабындықтардың өсуi тым-тәуiр. Көктем шыққалы ылғал мол. Жалпы, қырдағы шабындықтар жайқала өсуде. Тiкелей айтқанда, орақ көтеретiн жер шамалы.

Жарқайыңдағы шаруасы алға басқан iргелi серiктестiктердiң бiрi «Темiрлан» ЖШС. Маусым айының жиырма бесiнен бастап, тасөткелдiктер күнделiктi қызу жұмысқа кiрiскен.

«Әр жыл мезгiлiнiң өз қиындықтары болады. Қыстың да ауыртпалығы аз емес. Мiнезi қатал бұл мезгiлдiң, әсiресе, малдың күйiн күйттеген шаруаға оңай соқпайтыны анық. Мал азығын дайындау жұмыстарына заманауи техника жұмылдырылды. Қазiрде жұмысшылар қызу еңбек етуде. Биыл 100 гектардан астам алқапқа житняк егiлдi, шығымы 15-18 центнер — дейдi Ерлан Алин, «Темiрлан» ЖШС-нiң басшысы.

Шөп дайындау науқанының әр күнiн «әттеген-айсыз» өткiзудi мақсат еткен «Темiрлан» ЖШС-нiң жұмысшылары ұйымшылдық танытуда. Олар осы қарқындарын баяулатып алмаса, шөптi сапалы күйiнде жинап алатындарына сенiмдi.

- Бұрынғылар қыс шанасын жаз сайлайтын болса, бүгiнде бұл шаруаға көктемнен бастап кiрiсетiн болдық. Осының өзi-ақ ауылдастар үшiн, жалпы ауданның ауыл шаруашылығы саласы үшiн оның маңыздылығын, күз түгесiлгенше көзден таса болмас iс екендiгiн нақтылайды. Ауыл шаруашылығындағы бар жұмыстардың негiзiн осы жеткiлiктi түрде мал азығын дайындау iсi құрайды десек еш жаңылмаймыз. Сондықтан барлық ынта-жiгер де, күш те осы мақсатқа жұмылдырылса ғана нәтиже оңды болмақшы. Мал азығын дайындаудан маңызды iс жоқ, себебi жеткiлiктi азық-түлiк белдеуiн жасақтаудың кiлтi осында жатыр, — дедi аудан әкiмiнiң орынбасары Дулат Сыздықов.

Шаруагерлердiң елдiң қамын ойлауы жөн-ақ. Әрине, шабындық бәрi бiрдей жақында емес. Көпшiлiгi алыста. Техниканың сайлы болуы — еңбек өнiмдiлiгiн арттырудың төте жолы. Ерекше тоқталарымыз, биыл шабындық жеткiлiктi. Тек соның дәл есебiн күнi бұрын шығарып, қысқы азықты жеткiлiктi көлемде дайындау.

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2019
Қаралым саны: 3861

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz