A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жаңа 2020 жылға арналған іс-шараларды дайындау жөнінде үздіктер анықталды

Үстiмiздегi жылдың 30 желтоқсан күнi Жаңа 2020 жылға арналған iс-шараларды дайындау жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң отырысы өттi.

Нысандарды жаңа жылға дайындау жөнiндегi ұйымдастыру комитетi мүшелерiнiң ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, ұйымдастыру комитетi аталымдар бойынша ақшалай сыйақылармен орындар берудi шештi:

Ақкөл қаласы бойынша бiлiм беру мекемелерiнiң үздiк Жаңажылдық безендiруi үшiн:

1 орын және ақшалай сыйақы — 30,0 мың теңге, №10 Агротехникалық колледж. Директор Дүйсекенов Абай Серiкұлы;

2 орын және ақшалай сыйақы — 20,0 мың теңге, №1 АОМ. Директор Садыкова Әсел Жамбылқызы;

3 орын және ақшалай сыйақы — 15,0 мың теңге, №2 АОМ. Директор Нурова Гүлжамал Көшiрбайқызы марапатталды.

Жұмысты оң бағалап және 10,0 мың теңгеден ақшалай сыйақы келесi азаматтарға табыс етiлсiн:

-№3 АОМ. Директор Айтикеева Әлия Айтжанқызы;

-№4 АОМ. Директор Сеитова Гүлжан Маратқызы;

-Радовка ауылының бастапқы мектебi. Меңгерушi — Садвокасова Алтын Махметқызы;

-№4 МДБМ. Меңгерушi — Солодовникова Татьяна Николаевна;

-«Арайлым» МДБМ. Меңгерушi — Токтасина Қуаныш Қайратқызы.

Ауылдық округтердегi бiлiм беру мекемелерiнiң үздiк Жаңажылдық безендiруi үшiн:

1 орын және ақшалай сыйақы — 30,0 мың теңге, Кеңес ауылдық округi. Әкiм Ашимов Рифхат Равхатұлы;

2 орын және ақшалай сыйақы — 20,0 мың теңге, Урюпин ауылдық округi. Әкiм Досмұхамбетов Айдос Жеңiсұлы;

3 орын және ақшалай сыйақы — 15,0 мың теңге, Новорыбин ауылдық округi. Әкiм Уразов Арман Аманжолұлы марапатталды.

Жұмысты оң бағалап және 10,0 мың теңгеден ақшалай сыйақы келесi азаматтарға табыс етiлсiн:

- Азат орта мектебi. Директор Қанапин Арман Бауыржанұлы;

- Краснобор негiзгi мектебi. Директор Аубакирова Айсулу Жолкенқызы;

- Ерофеевка ауылының бастауыш мектебi. Директор Силина Ольга Владимировна.

Ауданның қоғамдық өмiрiне белсендi қатысқаны және ғимараттарды, мекемелер мен кәсiпорындарды жаңа жылдық безендiруде креативтi тәсiлдi қолданылғаны үшiн аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен Ақкөл балалар үйiнiң директоры Алтынбаев Болат Булендықұлы, «Агромашхолдинг» АҚ директоры Сабельфельд Владимир Карлович пен Мало-Александровка негiзгi мектебiнiң директоры Сейвальд Надежда Карловна марапатталды.

Мақаланың шыққан күні: 30.12.2019
Қаралым саны: 91

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz