A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ЖАЗ, СУҒА ТҮСУ МАУСЫМЫ!!!

Құрметтi ата-аналар сiздер балаңыздың өмiрi мен денсаулығына жауаптысыздар. Сондықтан балаларды су объектiлерiнде демалғанда қараусыз және суаттардың жанында қараусыз қалдырмаңыздар. Ал суда шомылып жүрген балаларды үлкендер үнемi бақылауда ұстауы қажет.

Балаларыңызға суат басында жабдықталмаған орында және тыйым салынған қалқандар қойылған жерлерде шомылуға, жүзу шекарасын белгiлейтiн қалтқылардан әрi жүзуге, моторлы, желкендi кемелерге, ескектi қайықтарға және басқа жүзетiн құралдарға жақындауға, суға катерлерден, қайықтардан және де бұл мақсаттарға арналмаған жерлерден секiруге, суаттарды ластауға және қоқыстауға, тақтайларда, бөренелерде, жатақтарда, автомобиль камераларында, үрленген матрацтарда жүзуге, жабдықталған жағажайларға өзiмен бiрге ит және басқа жануарларды әкелуге тыйым салынатынын түсiндiрiңiз.

Суға батып бара жатқан адамға қөмек көрсету үшiн жақсы жүзе алуы және құтқару тәсiлдерiн, батып бара жатқан адамның қармауынан шығу, зардап шегушiнi буксирге алу, алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсiлдерiн жақсы меңгеруi қажет. Суда адамды құтқару кезiнде қалыптасқан жағдайды сабырмен бағалап, ойланып, абайлап әрекет ету қажет, қауiп төнген жағдайда саспау керек. Егер сiз оған дайын болмасаңыз, тиiстi құтқару қызметтерiмен көмек сұраңыз: құтқарушылар мен жедел медициналық жәрдемдi шақырыңыз.

Суда өзiн — өзi ұстау ережелерi:

1)суға шомылу үшiн қауiпсiз немесе оған арналған жерлердi таңдаңыз;

2)таныс емес жерлерге суға түспеңiз;

3)су иiрiмiне түскен жағдайда, қорықпаңыз, көбiрек ауа жұтып, су ағысы жағына қарай талпынып, су бетiне жүзiп шығыңыз;

4)сiңiр тартылғанда саспаңыз, су бетiнде қалуға тырысып, көмекке шақырыңыз;

5)суға шомылғанда бiр-бiрiңiздi назардан тыс жоғалтпаңыздар;

6)қатты ағынға түскенде ағысқа қарсы жүзбеңiз, ағыспен жүзе отырып, жағаға шығуға тырысыңыз;

7)егер тоңазудың бiрiншi белгiлерi байқалса (қалтырау, дiрiлдеу, әлсiздiк), дереу судан жағаға шығыңыз;

8)балдырға оралып қалсаңыз, шұғыл қимыл жасамаңыз және жұлқынбаңыз. Ең дұрысы шалқалайып жатып, ақырын таза су жаққа жүзiп шығуға тырысу керек. Егер бұл көмектеспесе, онда аяғыңызды созып, өсiмдiктердi ептеп қолмен босатыңыз.

Осы ережелердi бiлсеңiз, сiз өзiңiз бен балаңыздың өмiрi мен денсаулығын сақтай аласыз!

Ақкөл ауданы төтенше жағдайлар бөлiмi бас маманы
азаматтық қорғау капитаны                                                                    Аят Сералиев

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2019
Қаралым саны: 106

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz