A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші «Адал жол» марафоны қалай өтуде?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны Көкшетау қаласында, Бурабай, Бұланды және Бiржан сал аудандарында өтiп, оған шамамен 8 мың ақмолалықтар қатысты. Көптеген түрлi форматтағы iс-шаралар өткiзiлдi. Мысалға брейн-рингтер, event шаралар, байқаулар, дебаттар, флеш-мобтар, автошерулер, кездесулер.

Естерiңiзге сала кетсек, бұл марафон жыл сайын Ақмола облысында 1 наурызда бастау алып, жыл соңына дейiн жалғасады. Бұл жылы марафон осымен бесiншi жыл өтiп, дәстүр бойынша Көкшетау қаласында басталды.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша бүгiнгi таңда марафон республика бойынша барлық облыстарда өткiзiлуде, бiрақ бастапқыда ол Ақмола облысында 2015 жылы Департаменттiң бастамасымен басталған.

«Бұл марафонның Қазақстанның басқа өңiрлерiне таралуы жергiлiктi халықтың қолдау көрсетуiнiң нәтижесi екенiн еш күмәнсiз айта аламын» — деп Берген Беспалинов мәлiм еттi.

Марафонның басты мақсаты — жемқорлыққа қарсы қозғалысқа барша ақмолалықтарды тарту, жемқорлыққа қарсы iсте қоғам мен мемлекеттiң күшiн бiрiктiру, жемқорлыққа қарсы мәдениеттi және оған төзбеушiлiк ұстанымын қалыптастыру.

Марафонның жұмысы желтоқсан айында Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күнiне орай ұйымдастырылатын форуммен аяқталады. Форумда марафонның жеңiмпаздары мен белсендi қатысушылары марапатталады.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз хатшысы

Мақаланың шыққан күні: 13.05.2019
Қаралым саны: 53

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz