A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Астана күнiн тойлау аясында және Көкшетау қаласының 195 жылдығы қарсаңында көптен күткен автобустар партиясы пайдалануға берiлдi, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

«YUTONG» маркалы 31 автобус «Көкшетау автобус паркi» ЖШС бастамасымен МЖӘ шеңберiнде сатып алынған және қоғамдық көлiк қызметтерiнiң сапасын арттыруға бағытталған.

Көкшетау қаласының климаттық жағдайына бейiмделген автобустар қосымша iшкi жылытқыштармен, қыздырғыш айналармен, бейнебақылау камералары, автоинформаторлармен, жолаушылардың қозғалысын және жолаушыларды тасымалдауды есептеуге арналған жүйелермен жабдықталған. Сондай-ақ, автобустар мүмкiндiгi шектеулi жандарға жабдықталған.

Ағымдағы жылы Қостанайдағы «СарыАрқаАвтопром» ЖШС қазақстандық зауытында жиналатын YUTONG ZK6108 HGH маркалы 44 қалалық автобустарды жеткiзу туралы келiсiмшарт жасалған.

Жобаның құны 1 588,3 млн. теңгенi құрайды, оның 476,49 млн. теңгесi бастапқы жарнаны төлеу үшiн тең қаржыландыру түрiнде мемлекеттiк қаражат болып табылады.

Қала тұрғындарын елеулi оқиғамен құттықтаған өңiр басшысы Ермек Маржықпаев қоғамдық көлiк — қазiргi заманғы қаланың әлеуметтiк маңызды құрамдас бөлiгiнiң бiрi екендiгiн атап өттi. Сондай-ақ, осы әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға қатысқан барша жанға алғысын бiлдiрдi.

Айта кеткен жөн, автобустардың екiншi партиясы, яғни 13 бiрлiгi, Көкшетауға ағымдағы жылдың қараша айында келедi деп күтiлуде.

Мақаланың шыққан күні: 09.07.2019
Қаралым саны: 5618

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz