A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Цифрлық қала – болашақ қасымызда

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысынағы Smart Aqkol жобасының iске асырылу барысымен танысты. Заманауи «Smart city — Ақылды қала» технологияларын енгiзу бойынша пилоттық жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iске асырылған.

Атқарылған жұмыстың маңыздылығын көрсете отыра, Алик Шпекбаев цифрландыру саласында жүзеге асырылатын жобалардың бiрiншi кезекте халықтың өмiр сапасын арттыруға, қолайлы әрi қауiпсiз орта құруға бағытталғанын атап өттi.

Smart Aqkol жобасы «Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылымдық операторымен, Tengri Lab компаниясымен және «Еуразиялық топпен» iске асырылған. Оның бастым мақсаты — қалалық қызметтердiң жұмысын бақылау үшiн ақпараттық ағындарды агрегаттау негiзiнде «ақылды қаланың» тұжырымдамалық моделiн құру. Ақылды қаланың құрамына инфрақұрылым, кiрiктiрiлген жүйелер, есептеуiштер желiсi және деректердi бақылау, талдау элементтерi кiредi.

Сапар барысында Агенттiк төрағасының назарына тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты қашықтықтан басқару, қаланың өмiр-тiршiлiгiн қамтамасыз ету, жол қозғалысын басқару және үйлестiру, экологиялық жағдайды қадағалау технологиялары ұсынылды.

Барлық мәлiметтер диспетчерлiк залы, мониторинг жүргiзуге арналған бейнежүйесi, бейнеконференцбайланыс жүйесi, call-орталығы орналастырылған ахуалдық орталыққа келiп түседi. Бұл орталық ведомствоаралық өзара iс-қимылды ұйымдастыру, қаладағы тактикалық және стратегиялық өмiрдi басқару бойынша шешiмдердi көрсету, коммуналдық қызметтердi басқару, қалалық ресурстар туралы сенiмдi және уақтылы деректердi жинақтау, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қажеттi инфрақұрылыммен жабдықталған. Деректердi жинау және өңдеу бункерлiк типтегi «Қазақтелеком» АҚ деректердi өңдеу орталығында жүргiзiледi, ал бұл қауiпсiздiк пен тұрақты жұмыс iстеудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету тұрғысынан бiрегей болып табылады.

Ақкөлде ТМД елдерiнде баламасы жоқ бiрегей технологиялық шешiмдер қолданылғанын атап өту керек. Ақкөл коммуналдық қызметтердiң барлық тұтынушысы толықтай цифрланған Қазақстандағы ең алғашқы қала болып табылады. Жасанды зерде жүйесiне негiзделген платформаның аналитикалық мүмкiндiктерi ауа райы жағдайларына тәуелдiлiктi, атмосфералық ауаның нашарлауын, үйдегi, пәтердегi температураның төмендеуiн, ауруханаларға барудың артуын, мектептегi үлгерiмдi, қалалық қазандықтың жұмыс сапасын анықтауға септiгiн тигiзедi.

Оған қоса, Алик Шпекбаев мемлекеттiк қызметтердi көрсету үдерiстерiн Smart city арқылы интеграциялауға ұсыным бердi. Оның айтуынша, бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электронды форматқа ауыстыру үдерiсiн жылдамдатып, олардың сапасын арттырады.

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2019
Қаралым саны: 2307

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz