A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасы арқылы 800 астам өтініш қаралған

Бүгiн ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi Ақмола облысының өңiрлiк коммуникациялар қызметi алаңында брифинг ұйымдастырып, оған Департамент басшысы Берген Беспалинов қатысты.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электронды форматқа ауыстыру көрсеткiштерi жақсарды. Осы жылдың 1 тоқсанында бұл көрсеткiш 84,6 % құрды» — деп Берген Беспалинов хабарлады.

Сонымен қатар бүгiнгi таңда облыста 101 289 ЭЦҚ берiлген. 2018 жылы бұл көрсеткiш 107 221 құрады.

«Бұл көрсеткiштiң азаюы Телеграм-Бот арқылы немесе бiржолғы смс-құпия сөз негiзiнде ЭЦҚ қолданбай ақ электрондық қызметтердi алу мүмкiндiгiнiң артуына байланысты болып отыр» — дейдi спикер.

Жалпы бұл бағытта халық арасында кеңауқымды түсiндiру жұмыстары жүргiзiлген. Сонымен қатар Электрондық үкiметтiң танымалдығын арттыратын бейнероликтер әзiрлендi.

Департамент жұмысындағы тағы бiр маңызды бағыт азаматтардың өтiнiштерiн қарау, олардың негiзсiз бұзылған құқықтарын қалыпқа келтiру және мемлекеттiк қызметшiлердiң клиентке бағдарланушылығын арттыру болып табылады.

«Өздерiңiз бiлетiндей, қызмет алушылардың шағымдарын уақытылы қарау, халықтың қанағаттану деңгейiн анықтау мақсатында «Цифрлық агент» бағдарламасы жұмыс iстеуде. Қазiргi уақытта бұл бағдарлама арқылы 878 өтiнiм қаралған. Бұл ұялы бағдарламаның танымалдығын арттыру мақсатында халық арасында ақпараттық жұмыс жүргiзiлуде» — деп Берген Беспалинов ескертiп өттi.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 30.04.2019
Қаралым саны: 189

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz