A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Берген Беспалинов: Жолдауда қойылған мiндеттер уақытылы әрi өзектi

Өңiрлiк коммуникациялар қызметi алаңында өткен брифингте ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалинов Жолдауды iске асыру шеңберiнде жоспарланып отырған реформалар мемлекеттiк аппараттың жұмысына жаңа серпiн беретiнiн мәлiмдедi.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттiк басқаруға, кадр саясатына, шешiмдер қабылдау мен олардың орындалуы үшiн жауапкершiлiк жүйесiне қойылатын тәсiлдердi өзгерту қажет. Бiзге кәсiби деңгейi жоғары, жаңа көзқарастар мен бастамаларға ие мамандар қажет.

Құзыреттi және бәсекеге қабiлеттi мамандарты тарту — Агенттiктiң дiттеген басты мақсаттарының бiрi. Осыған орай мемлекеттiк қызметке iрiктеу рәсiмi жылдан жылға жетiлуде. Бүгiн қажеттi нормативтi-құқықтық база жұмыс iстеуде» — деп, Б.Беспалинов бұл салада әрi тындырар iстiң мол екенiн мәлiмдедi.

Өз Жолдауында Президент мемлекеттiк аппаратты және квазимемлекеттiк сектор қызметкерлерiн қысқарту мерзiмдерiн жылдамдатуды тапсырды. Шағын әрi тиiмдi мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру мақсатында Агенттiк сауатты әрi жан-жақты ойластырылған оңтайландыру қағидатын ұстанатын болады.

Мемлекеттiк органдардың құрылымдарындағы артық салалар қайта қарастырылады. Нәтижесiнде қайталанатын мiндеттер жойылып, бизнес-процесстер жоғары автоматтандыру және цифрландыру арқылы оңтайландырылатын болады. Лауазымдарды оңтайландыру барысында бос және әлеуеттi бос лауазымдар ескерiлетiн болады.

Брифингтi қорыта келе, Б.Беспалинов қойылған мiндеттердiң уақытылы және өзектi екенiн, ал мемлекеттiк аппараттың осы мiндеттердi шешуге қауқары бар екендiгiн атап өттi.

ҚР МҚIА Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 08.09.2020
Қаралым саны: 60

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz