A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БУРАБАЙДА «SOLAR FEST QAZAQSTAN» ІСКЕРЛІК ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

Көкшетауда Қазақстан Республикасында жаңғырмалы энергия көздерi (ЖЭК) саласын дамыту мәселелерiне арналған баспасөз конференциясы өттi, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

«Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар Кеңесiнiң Төрағасы Нұрлан Қапенов күн энергетикасы саласындағы әлемдiк трендтер мен статистика, 4-5 шiлдеде Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлiгiнiң ресми қолдауымен Бурабайдағы «Rixos-Borovoe» қонақүйiнде өтетiн «Solar Fest Qazaqstan» қауымдастығының жаңа жобасын таныстырды.

«Solar Fest Qazaqstan» — жаңғырмалы энергетика саласының барлық мүдделi қатысушыларын жинайтын халықаралық iскерлiк фестиваль.

Фестиваль кездесулерi мен пiкiрталастарының қорытындысы ретiнде Хартия — салалық қауымдастық атынан ҚР Үкiметiне үндеу қабылданатын болады.. Құжат сарапшылар мен нарық қатысушыларының қазiргi ұстанымын белгiлейдi, таяу жылдары және келешекте ұзақ мерзiмдi даму перспективасында Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту мәселелерi бойынша олардың пайымдауын ұсынады деп жоспарлануда.

Бiздiң бүгiнгi ұстанымдарымыз қандай және таяу жылдар мен

алдағы ЖЭК пайдалану мен дамыту мәселелерi бойынша ұзақ

мерзiмдi дамытуда бiз неге қол жеткiзгiмiз келедi. Осы және басқа да көптеген сұрақтар мен мәселелердiң шешiмi қарастырылады.

Сонымен қатар, Фестиваль шеңберiнде экологиялық сурет салудан ерекше байқау аясында Қазақстанның әр аймақтарынан көп балалы отбасылардың балалары ұсынған шығармашылық жұмыстардың көрме-презентациясы ұйымдастырылады.

Бұған қоса Жастар жылы аясында студент жастардың қатысуымен «Күн сәулелi» жастардың бес минуттық кездесуiн ұйымдастырылмақ. Акцияға қатысушылар ЖЭК саласы үшiн қажеттi жас кәсiби мамандарды әзiрлеу қажеттiгiн талқылайтын болады.

Solar Fest Qazaqstan фестивалiне Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының мүшелерi — SPAQ, ЖЭК саласы мамандарының қазақстандық қауымдастығының өкiлдерi, Қазақстан Республикасының және басқа елдердiң күн энергетикасы саласының өкiлдерi, Халықаралық сарапшылар және саланың танымал әлемдiк көшбасшылары, Қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкiлдерi, Отандық және шетелдiк инвесторлар, т.б. қатысатын болады.

Жалпы, ғаламшарда электр энергиясын өндiру үшiн күн энергиясын пайдаланатын 90 ел, ал 32 елде 1 ГВт-дан астам күн электр станциялары орнатылған екен. Күн энергетикасын дамытуда жетекшi елдер қатарына Қытай (176 ГВт), АҚШ (62 ГВт), Жапония (56 ГВт), Германия (45 ГВт) және Үндiстан (33 ГВт) енедi.

Нұрлан Қапеновтың айтуынша, бүгiнгi таңда шетелдiк инвесторлар, девелоперлер, жабдық өндiрушiлер, жобалық институттар, жоғарғы оқу орындары мен халықаралық қаржы институттары қауымдастықтың мүшелерi мен аккредиттелген бақылаушылары болып табылады. Қазақстанда соңғы 10 жылда ойдағылай дамып келе жатқан ЖЭК саласында жаңғырмалы энергетиканы дамыту және қалыптастыру процесiне тартылған мыңдаған мамандар бар.

Мақаланың шыққан күні: 02.07.2019
Қаралым саны: 3901

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz