A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БУРАБАЙДА ЭНЕРГЕТИКА САЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Ақмола облысында «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының қабылдануының мерейтойлық жылында «Solar Fest Qazaqstan» I Халықаралық iскерлiк фестивалi өттi, деп хабарлайды iшкi саясат басқармасының Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Аталған Заң 2009 жылы 4 шiлдеде осыдан 10 жыл бұрын қабылданған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы ҚР Премьер-Министрiне 4 шiлденi жыл сайынғы «ЖЭК қызметкерлерi күнi» кәсiби мерекесi ретiнде енгiзу туралы өтiнiш жасаған.

Iскерлiк шараның аясында алдағы жылдары және болашақта ЖЭК пайдалану мен дамыту мәселелерiнде неге қол жеткiзгiмiз келедi сынды сұрақтардың жауабын табуға тырысты.

Фестиваль Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрi Сұңғат Есiмхановтың, «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесiнiң төрағасы Нұрлан Қапеновтың, Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Марат Иғалидың, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкiлi Якуп Бериштiң қатысуымен өткен брифингтен басталды.

Ары қарай «ҚР жаңартылған энергетиканы дамытудың мемлекеттiк саясаты: қолдаудың жаңа механизмдерi» атты пленарлық отырыс өттi.

Аталған шара барысында семинарлар, «Жастар бесминуттығы» өттi, «Күн-Энергия-Өнер» тақырыбында экологиялық сурет байқауына қатысқан балалардың шығармашылық жұмыстарының көрме-тұсаукесерi ұсынылды.

«Solar Fest Qazaqstan» фестивалiнiң қорытындысы Хартия — салалық қауымдастықтың атынан ҚР Үкiметiне үндеу болмақ.

Мақаланың шыққан күні: 05.07.2019
Қаралым саны: 96

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz