A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аппараттық кеңес өтті

Бүгiн аудан әкiмi Алпысбай Қайыржанов кезектi аппарат кеңесiн өткiздi. Оған Аудандық мәслихаттың хатшысы Жұлдызай Салыбекова, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, Ақкөл қаласының әкiмi, ауылдық округ әкiмдерi, жергiлiктi және аумақтық мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Күн тәртiбiнде Ақкөл ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуы және 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттiң орындалуы, 2019 жылы атқарылған жұмыстар және ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң 2020 жылға арналған мiндеттерi, 2019 жылы құрылыс бөлiмiнiң жұмыс қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және кепiлдi әлеуметтiк пакеттi енгiзу мәселелерi қаралды. Сондай-ақ, ауданның жалпы бiлiм беретiн орта мектептерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайымен және жолдарды қардан тазартумен байланысты ағымдағы мәселелер қаралды. Экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Айжан Даукенова, ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң басшысы Михаил Ворсин, құрылыс бөлiмiнiң басшысы Олег Шевченко және жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Назигуль Мананбаева баяндама жасады.

Iс-шара қорытындысы бойынша аудан басшысы бiрқатар тапсырмалар бердi, олардың негiзгiлерi: әлеуметтiк нысандар мен ТКШ нысандарын жөндеуге оңтайлы қаржы жұмсау, ауданның жалпы бiлiм беретiн орта мектептерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын күшейтiлген бақылау болып табылады. Тиiстi салаларға жетекшiлiк ететiн аудан әкiмiнiң орынбасарларына осы мiндеттердiң орындалуын жеке бақылауға алу тапсырылды.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 10.02.2020
Қаралым саны: 82

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz