A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Алик Шпекбаев: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жедел цифрландыру жемқорлықты жояды»

ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, тұрмыстық жемқорлықты жоюдың маңызды шарттарының бiрi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi жедел цифрландыру болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң ұялы форматын кеңiнен дамыту, Электрондық Үкiметпен жұмыс iстеу дағдыларына үйрету басым бағыттардың бiрi болып қала бередi.

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң төрағасы Алик Шпекбаев Ақмола облысына iс-сапары барысында Ақкөл ауданының белсендiлерiмен кездесу өткiзiп, онда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы жөнiнде мәселе қозғалды.

Ақмола облысында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электронды түрде алудың көрсеткiшi ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша бүгiнгi таңда жоғарылап, 84,6 % құрап отыр.

Бүгiнгi таңда ақмолалықтар «Цифрлық агент» ұялы бағдарламасын белсендi қолданып, осы уақытқа дейiн 1048 өтiнiш келiп түскен. Оған қоса өтiнiш бiлдiрушiлердiң 98% мемлекеттiк қызметтердi көрсетумен айналысатын мемлекеттiк органдардың қызметiн «өте жақсы» деп бағалады.

Ақмола облысындағы арнайы мониторингтiк топтың жұмыс нәтижелерi мен жоспарлары туралы топтың басшысы әрi қоғам өкiлi Владислав Шуль мәлiмдедi.

Кездесудi қорытындылай келе Алик Шпекбаев мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi электронды түрге ауыстырудың қажеттiлiгiн атап өттi.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы 2022 жылға дейiн жүзеге асырылады. Бiрақ бiз бұл бағыттағы жұмысты жылдамдатуға тиiспiз. 2020 жылға дейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң 90% электронды форматқа ауыстыру қажет. Ол дамыған елдердегi халықаралық стандарттардың деңгейi» — деп Алик Шпекбаев өз сөзiн қорытындылады.

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2019
Қаралым саны: 1358

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz