A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысының оқу орындарына «Адалдық елшісі» институтын енгізу ұсынылды

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi «Ақмола — адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру шеңберiнде бiлiм саласындағы тұрмыстық жемқорлық мәселелерiн талқылады.

Талқылауға Ақмола облысы бiлiм басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментiнiң өкiлдерi, балабақшалардың, мектептердiң, интернаттардың, колледждер мен ЖОО басшылары жиналды.

Жалпы жобалық кеңсе бiлiм мекемелерiндегi тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өңiрдегi ағымдық жағдайды талдау негiзiнде бiрқатар ұсынымдар әзiрледi. Олардың арасында бизнес үдерiстердi оңтайландыруға, бiлiм беру саласындағы қызметтердiң сапасын арттыруға, осы салада азаматтарға жағымды жағдайлар жасауға бағытталған ұсынымдар бар.

Оған қоса жобалық кеңсенiң әзiрлеген ұсынымдары бiлiм саласындағы адалдық пен академиялық тазалық ұстанымдарын қалыптастыруға, бiлiм мекемелерiн қамтамасыз етуге бөлiнген қаражаттың ашықтығына, бiлiм беру жүйесiндегi қаржыландыру және есеп-қисап үдерiстерiн орталықтандыру, бiлiм мекемелерiндегi туыстық-еңбектiк қатынастарға жол бермеу, «Smart» форматқа ауысу, қағазбастылықты жою, бизнес үдерiстердi автоматтандыру, ата-аналар арасында кең түсiндiрушiлiк ақпараттық жұмыс жүргiзу жөнiндегi ұсынымдар да бар.

Оған қоса талқылау барысында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер реестрiне жасырын қызметтердi қосу ұсынымы енгiзiлдi. Жасырын қызметтер iшiнде кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс iстеу бойынша қызметтер, өкпе ауруларына шалдыққан балаларды балабақшалардың санаториялық топтарына кезекке қою, сөйлеу қабiлетiнiң кемiстiктерi бар балаларды логопедиялық топтарға кезекке тұрғызу, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды түзету топтарына кезекке тұрғызу сияқты қызметтер бар.

Сонымен қатар мектептердiң, балабақшалардың барлық iс-шараларын ата-аналармен келiсу арқылы алдағы жылға бекiту бойынша «алдын ала жоспарлау» тәжiрибесiн енгiзуге ұсыныс берiлдi. Талқылау барысында бiлiм мекемелерiнде адалдық пен академиялық тазалықты қамтамасыз ету бойынша iшкi бақылау жүргiзуге арналған «Адалдық елшiсi / Ambassador of Integrity» институтын енгiзу ұсынылды.

Өз сөзiнде «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық кеңсесiнiң басшысы Ерлаз Жайықбаев балаларды мектепке орналастыру барысындағы жемқорлық тәуекелдерiн жою мәселесiн қозғады. Оның айтуынша балаларды сыныптарға бөлуде ашықтық сақталмайды. Кейбiр мектептерде мамыр айында сыныптар толып тұрады, бiрақ құжат қабылдаудың өзi кейiн басталады.

Өз кезегiнде бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов балаларды мектепке орналастыру жүйесiн жетiлдiру бойынша мәселенiң мiндеттi түрде мұқият қаралатынын айтты.

Iс-шара соңында «Ақмола — адалдық алаңы» жобасын жүзеге асырудың барысы мен негiзгi ерекшелiктерi тақырыбында жобалық кеңсе басшысы мен оның орынбасарының қатысуымен брифинг өттi.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз хатшысы

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2019
Қаралым саны: 40

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz