A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында әскери қызметшілерді жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақыруда

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi жергiлiктi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №5510 әскери бөлiмiнiң жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында өткiзiлiп, оның барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 200 бабы шеңберiндегi қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыным берiлiп, қызмет барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнiнде айтылды.

Оған қоса, Департамент жемқорлыққа төзбеушiлiктi қалыптастыру мақсатында тұрақты негiзде құқық қорғау органдары арасында түсiндiру iс-шараларын өткiзiп отыратынын атап өткен жөн. Өткен жылы көптеген осындай iс-шаралар өткiзiлiп, бұндай кездесулер ағымдағы жылы да жоспарда көзделген.

Әскери бөлiмнiң жеке құрамы алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментi басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжас сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнiнде айтып, әскери қызметшiлердi заңсыздыққа жол бермеуге шақырды.

«Егер жемқорлық құқық қорғау органдары мен әлеуеттi құрылымдарда таралса, ол мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiредi. Елбасымыз — ҚР Әскери күштерiнiң бас қолбасшысы Нұрсултана Назарбаев «үлкен құзыреттiлiкке қол жеткiзген погон таққан адамдар өздерiнiң кәсiбилiлiгi мен iс-әрекетi арқылы басқалардан ерекшеленуi қажет» деп бекер айтпаған» — дейдi өз сөзiнде Бауыржан Ұзынжас.

Өз кезегiнде ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары Дархан Хайруллин нақты мысалдар келтiре отыра, мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексi нормаларын бұзуының салдары туралы сөз қозғап, жемқорлықтың алдын алудың негiзгi бағыттарына тоқталды. Өз сөзiнде ол әскери қызметшiлерге әйгiлi италияндық дипломат Никколо Макиавеллидiң жемқорлық туралы айтқан сөзiн келтiрдi.

«Асқынған ауруды басында емдеу жеңiл, бiрақ дер кезiнде анықтау қиын. Ол өршiген кезде анықтау жеңiл де, ал емдеу қиынға түседi.

Бүгiн ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi кiнәлi адамдарды жазалап қана қоймай, ең алдымен жемқорлық қылмыстарының алдын алуға баса назар аударады» — дейдi өз сөзiнде Дархан Хайруллин.

Кездесу сөңында әскери қызметшiлерге жемқорлық қылмыстары үшiн жауапқа тартылған қызметкерлер туралы бейнематериал көрсетiлдi.

Жемқорлықты тұрақты алдын алуды қажет ететiн «ауру» деп атайды. Құқық қорғау органдарының жұмысшылары мемлекетке адалдық, сатылмаушылық, адамгершiлiк, мемлекеттiк мүдденiң жеке мүддеден жоғары болуы, ҚР Конституциясы мен заңдарын қорғауға әрқашан дайын болу, лауазымдық мiндеттердi бұлжытпай орындау, мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру, лауазымдық жағдайды жеке мақсаттарда пайдаланбау сияқты қасиеттерге ие болған кезде жемқорлықты түбегейлi жоюға жол ашылады.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң баспасөз-хатшысы

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2019
Қаралым саны: 38

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz