A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан әкімі қорытынды есеп беру кездесуін өткізді

Бүгiн аудандық Мәдениет үйiнде Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов халықпен қорытынды есеп беру кездесуiн өткiздi, онда ол атқарылған жұмыс туралы есеп берiп қана қоймай, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап бердi. Кездесу Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлiбек Баймағамбетовтың қатысуымен өттi.

Фойеде Ақкөл ауданының өндiрушiлерi өнiмдерiнiң көрмесi ұйымдастырылды. Көрмеге шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының макеттерi, ағаштан жасалған бұйымдар, өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерi, тағамдық жұмыртқа, шөлмектегi су, ұн өнiмдерi, нан-тоқаш, кондитерлiк, қышқыл сүт және шұжық өнiмдерi қойылды.

Қорытынды есеп өткен залда ауданның өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, бiлiм беру, туризм және басқа да салалардағы әлеуметтiк-экономикалық жетiстiктерi туралы слайдтар көрсетiлдi.

Өз сөзiнде аудан басшысы ел Президентi Қ.Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуiнiң негiзi» атты Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi басымдықтарын түсiндiрiп, барлық қатысушыларды ауданның әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiмен таныстырды. 2019 жылы аудан бюджетiне 861,0 млн. теңге салық және басқа да мiндеттi төлемдер түстi. Бөлшек тауар айналымының көлемi 8,2 млрд. теңгенi құрады (2018 жылы — 7,9 млрд. теңге). Негiзгi капиталға инвестиция салу 7,6 млрд. теңгенi құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 1,6 есе өстi. Өнеркәсiп кәсiпорындарымен 4,6 млрд. теңге сомаға өнiм шығарылды, нақты көлем индексi 132,6% құрады.

6 млрд. теңге соманы құрайтын бес жоба Ақмола облысының Кәсiпкерлiктi қолдау Картасына енгiзiлдi. Олар — «Компания Казлес» ЖШС, «Үш Бұлақ-2055» ЖШС құс фабрикасы, «Еңбек ЖШС кептiру кешенi, «SCFood» ЖШС асыл тұқымды шаруашылық-репродуктор, «Аккольские деликатесы» ЖШС Шұжық цехы. Осы жобаларды iске асыру — ауданда 200-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi.

Кәсiпкерлiк секторы аудан экономикасының 60 пайыздық үлесiн алады. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнесте белсендi субъектiлер саны 1500-ден астам бiрлiктi құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 2,6% — ға өсiп, 7 мың адамды құрады.

2019 жылы 7 кәсiпкерлiк нысаны ашылды, олар: «Ганина» ЖК — «Моnshaq» қоғамдық моншасы. «Боранқұлова» ЖК жаңа мейрамхана — қонақ үй кешенi өз есiгiн айқара ашты, оған 120 орындық мейрамхана және 39 төсек — орынға арналған қонақ үй кiредi, инвестиция сомасы 50 млн. теңгеден астам, 10 жұмыс орны құрылды. «Калашникова» ЖК «Salem» супермаркетiн ашты, инвестиция сомасы 60 млн. теңге, 12 жұмыс орны ашылды. Үстiмiздегi жылы тағы да бiрқатар жаңа бизнес нысандарын iске қосу жоспарланған.

Өткен жылы кәсiпкерлiк картасынан тыс 12 инвестициялық жоба iске асырылды. Жалпы саны 700 бас IҚМ-мен 366 млн. теңгеге отбасылық-тауарлық фермалар құрылды. Оның iшiнде iрiлерi — ет бағытындағы фермалар: Кеңес ауылдық округiнiң «Фермер» ШҚ, iске асыру кезеңiнде салынған инвестиция сомасы 340,0 млн. теңге, Жалғызқарағай ауылдық округiнiң «Асхат» ШҚ, инвестиция сомасы 15 млн. теңге, Кеңес ауылдық округiнiң «Сарыдала» ШҚ, инвестиция сомасы 150 млн. теңге, Қарасай ауылдық округiнiң «Akkol Beef» ЖШС, инвестиция сомасы 320 млн. теңге.

Қазiргi уақытта ауданда агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы белсендi қарқынмен iске асырылуда, оған сәйкес 2020 жылы ет фермаларын құру бойынша 6 инвестициялық жобаны iске асыру жоспарланып отыр. Жалпы сатып алынатын мал басы 277 млн. теңге сомасына 450 бас iрi қара және 500 бас ұсақ мал құрайды.

Ауыл шаруашылығы саласында 20,2 млрд. теңгеге өнiм өндiрiлдi, нақты көлем индексi 103,6% құрады. Аудан бойынша IҚМ басы 21 мың басты құрайды, ұсақ мал басы 21,6 мың бас, жылқы 7,3 мың бас, құс саны 319 мың бас. 138 мың гектар алқабынан дәндi дақылдар жиналды. Аудан диқаншылары гектардан 10,4 центнер шығатын орташа өнiмдiлiк тұсында жалпы түсiм 143 мың тонна астықты бастырды.

Астананың азық-түлiк белдеуiн қамтамасыз ете отырып, аудан Нұр-Сұлтан қаласына 4,0 мың тонна сүт өнiмдерiн, 1,1 мың тонна ет пен ет өнiмдерiн, 46,5 млн. дана жұмыртқа жеткiзудi ұйымдастырды.

Әлеуметтiк қызметтердi дамыту саласында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жұмыстары дәйектi әрi белсендi түрде жүргiзiлуде. Қоғамның әлеуметтiк әлжуаз топтарын қолдау үдерiсi басты назарда.

Жұмыс iздеп 1132 адам жүгiндi, 879 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Өтiнiш бiлдiргендердiң санынан жұмысқа орналасқандардың үлесi 77,7% құрайды, 441 тұрақты жұмыс орындары құрылды.

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасын орындау бойынша мақсатты жұмыстар жүргiзiлуде. Оны iске асыруға 75 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты бөлiндi.

Жергiлiктi атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыты — тiршiлiктi қамтамасыз ету инфрақұрылымының тұрақты жұмыс iстеуi болып табылады.

Елдi мекендердi орталықтандырылған сумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2019 жылы Азат ауылының сумен жабдықтау жүйесiн қайта құру бойынша жобаны iске асыру басталды. Жобаны аяқтауға жоғары тұрған бюджеттен 2020 жылға 346 млн. теңге бөлiндi.

Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы шеңберiнде Ақкөл қаласындағы тұрғын үй құрылысы шағын аудандарында 6 км электрмен жабдықтау желiлерiнiң және 3,5 км су құбыры желiлерiнiң құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 2019 жылы «Степной — 4» шағын ауданында су құбыры желiлерiнiң құрылысы басталды. Жобаны аяқтауға жоғары тұрған бюджеттен 2020 жылға 229 млн. теңге бөлiндi.

2019 жылы жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарын жүргiзуге 37 млн. теңге бюджет қаражаты бағытталды. Ақкөл қаласындағы Ш.Ұзақбаев көшесi бойынша 2,6 км көше жарығына ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi, қала көшелерi бойынша жол белгiлерi орнатылды. Қоқыс контейнерлерiн жасау бойынша жұмыстар орындалды.

– Биыл Еңбек ауылындағы Еңбек мектеп-бақшасының ғимаратына күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. Жөндеуге 165 млн. теңге бөлiндi. Сондай-ақ үстiмiздегi жылы осы ауылдағы мәдени-спорттық кешенге күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiледi. 164 млн. теңге бөлiндi. Нысандарды күрделi жөндеуге арналған барлық қаржы облыстық бюджеттен бөлiндi, — дедi Алпысбай Қайыржанов.

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында облыстық бюджеттен коммуналдық қазандықтарды және жылу желiлерiн жөндеуге 39 млн. теңге және коммуналдық қазандықтарға көмiр сатып алуға 55 млн. теңге бөлiндi.

Ақкөл ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесi ең өзектi мәселелердiң бiрi. Құрылыс саласындағы жұмыстар көлемi 4,5 млрд. теңгенi құрады, 8,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.

Одан әрi, аудан басшысы өз сөзiнде денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, туризм, Ақкөл қаласындағы «Smart City» жобасын дамыту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру саласындағы жетiстiктерiне тоқталды.

Аудан әкiмiнiң баяндамасынан кейiн, қатысушылар сауалдарын қойып, өздерiнiң көкейкестi мәселелерi мен өз ұсыныстарын енгiздi. Негiзгi сұрақтар абаттандыру, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлiктерде балалардың билет бағасына және медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты болды. Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкiмi құзырлы және толық жауап бердi, сонымен қатар, тұрғындар көтерген мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.

Есеп беру кездесуiнiң соңында Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлiбек Баймағамбетов, Ақкөл ауданының жетiстiктерi мен басым мiндеттерi туралы айтып бердi. Сондай-ақ, ауданның қоғамдық өмiрiне белсендi қатысқаны үшiн халыққа алғысын бiлдiрдi.

Есептiк кездесуден кейiн Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов пен Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Әлiбек Баймағамбетов азаматтарды қабылдады. Iс-шара барысында ТКШ мәселелерi көтерiлдi. Қойылған сұрақтарға құзыреттi жауаптар берiлдi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 05.02.2020
Қаралым саны: 96

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz