A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан әкімі аппараттық кеңес өткізді

Үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсан күнi аудан әкiмi Алпысбай Қайыржановтың төрағалық етуiмен аппараттық жиналыс өттi.

Жиналыс жұмысына Аудандық мәслихат хатшысы Жұлдызай Салыбекова, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, қала әкiмi, ауылдық округтер әкiмдерi, ауданның жергiлiктi және аумақтық мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Күн тәртiбiнде басты төрт мәселе қаралды.

1. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiгiнiң күтiлетiн атқарылуы.

2. 2019 жылдың қорытындысын шығару және 2020 жылға жоспарланған бiлiм беру жүйесiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар.

3. Ағымдағы жай-күйi мен 2020 жылға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмыстарының жоспары.

4. 2019 жылы жүргiзiлген жұмыс қорытындысы және әдеп құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы.

Күн тәртiбiндегi мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейiн аудан әкiмi бөлiм басшыларына, қала және ауылдық округтер әкiмдерiне нақты тапсырмалар бердi

Iс-шара соңында аудан әкiмi Алпысбай Қайыржанов, ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына елеулi үлес қосқан және ауданның қоғамдық өмiрiне белсендi қатысқан азаматтарға ерекше құрмет белгiсi ретiнде «Ақкөл ауданының құрметтi азаматы» атағымен Салыбекова Джульдузай Таубайқызын, Симчук Валерий Николаевич пен Стихиляс Владимир Ильичтi марапаттап, төс белгiлерiн табыс еттi. Сонымен қатар, Стихиляс Владимир Ильич «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыруға белсендi қатысқаны және қайырымдылық пен меценаттық қызметi үшiн облыстық «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды.

Марапаттау рәсiмiнен кейiн, Алпысбай Қайыржанұлы өз құттықтау сөзiнде «Ақкөл ауданының құрметтi азаматы» атағының иегерлерiне зор денсаулық, еңбекте табыс, бақ-береке тiледi.

Мақаланың шыққан күні: 25.12.2019
Қаралым саны: 121

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz