A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан әкiмi ауылдық округiне барды

Үстiмiздегi жылдың 14 шiлде күнi Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов Урюпин ауылдық округiне жұмыс сапарымен барды.

Сапарды аудан әкiмi «Урюпинский и К» ЖШС-нiң ауыл шаруашылық егiстiктерiн қараудан бастады. 14 мың гектар алқапта шаруалар арпа мен бидай өсiруде. Бұл өңiрде серiктестiк 18 жылдан астам уақыт бойы жұмыс iстеп келедi. «Биыл 13 мың гектар бидай мен 1000 гектар арпа егiлдi. Бидай мен арпаны гектардан 12 центнер көлемiнде жинауды жоспарлап отырмыз» — деп баяндады аудан әкiмiне ЖШС директоры Геннадий Бочин.

Бұдан әрi, аудан басшысы облыстық маңызы бар «Минское — Новый Колутон» бағытындағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Естерiңiзге сала кетейiк, аталмыш автомобиль жолын жөндеуге тапсырыс берушi — «Ақмола облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ болып табылады.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 15.07.2020
Қаралым саны: 164

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz