A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан басшысы Амангелдi ауылында

Үстiмiздегi жылдың 16 шiлде күнi Ақкөл ауданының әкiмi Алпысбай Қайыржанов Урюпин ауылдық округiнiң Амангелдi ауылына жұмыс сапарымен барды.

Әкiм өз сапарын Амангелдi ауылының көктемгi су тасқыны кезеңiнде Талқара өзенiнiң суымен шайылатын кiрме автомобиль жолын қараудан бастады. Аудан басшысы жолды тексерiп, жол жабынын биылғы жылы жөндеу жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отырғанын және жөндеу шеңберiнде көлiк құралдарының барлық маусымдық өтуiн қамтамасыз ету үшiн су өткiзу құбырларын орнату, жолдың жүру бөлiгiн қиыршық таспен себу және жол жамылғысын тегiстеу көзделгенiн атап өттi.

Бұдан әрi аудан әкiмi ауылдық орта мектепке барып, ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасын тексердi. Жұмыс барысымен танысқан Алпысбай Қайыржанов, жөндеу жұмыстары сапалы және мерзiмiнде өткiзiлуi тиiс екенiн қадап айтты.

Естерiңiзге сала кетейiк, аталмыш мектепте жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүргiзiлуде. Жөндеу барысында жылыту жүйесiн, терезелердi, шатырды, есiктердi, еден жабындарын ауыстыру, пандусты жөндеу, сондай-ақ қасбеттi сырлау жоспарлануда. «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберiнде жергiлiктi тұрғындар қатарынан үш адам жұмысқа орналастырылды. Жөндеу жұмыстарын «НҰРЗАМАН-2030» ЖШС жүргiзуде.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 16.07.2020
Қаралым саны: 151

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz