A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
АБАЙ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Ақмола облысының iшкi саясат басқармасы Қазақстан халқы тiлдер күнiне орай бағытталған iс-шараларды өткiзу мақсатында мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң облыстық байқауын өткiздi, деп хабарлайды Өңiрлiк коммуникациялар қызметi.

Конкурсты негiзгi мақсаты — мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, тiл мәдениетiн көтеру, көркем әдебиеттi насихаттауды жандандыру, сондай-ақ, талантты жастарды табу болып табылады.

2019 жылы атап өткiзiлетiн мерейтойлар мен атаулы күндердiң тiзбесiне сәйкес конкурс екi тапсырмадан тұрды. Алғашқысы, Бейiмбет Майлиннiң, Сәкен Сейфуллиннiң 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердiң шығармаларынан және қазақ әдебиетiндегi көрнектi прозалық шығармалардан үзiндi оқу. Екiншiсi, Сәбит Дөнентаевтiң, Iлияс Жансүгiровтiң 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзiндi оқу.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерiн көркем мәтiндi оқу шеберлiгiне, дұрыс дыбыстауына, көркем мәтiндi таңдау талғамы мен сахналық образ және оқу шеберлiгiне қарап бағалады.

Жалпы, конкурсқа қатысуға облыстың қала, аудандарынан 17 үмiткер тiлек бiлдiрген болатын. оның iшiнде 12 үмiткер негiзгi кезеңде бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша, үшiншi орынды Бурабай ауданынан Текiшева Рахия, екiншi орынды Көкшетау қаласының атынан қатысқан Әлбосын Таңнұр иелендi. Целиноград ауданынан келген Байқасов Еркебұлан жеңiмпаз атанып, осы байқаудың Республикалық кезеңiне жолдама алды. Барлық қатысушыларға тиiстi дипломдар мен алғыс хаттар табыс етiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 17.06.2019
Қаралым саны: 176

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz